-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    ІІМ өзін өртеп жіберген әйелдің ісіне қатысты түсінік берді

    Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Нұр-Сұлтандағы ІІМ ғимараты маңында өз-өзін өртеп жіберген әйелдің ісіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Шынында да, осындай оқиға болды. Өкінішке қарай, тәртіпбұзушылардың іс-әрекеттерінен зардап шеккен жәбірленушілер түрлі психо-физиологиялық әсерге ұшырайды. Кейбірі бұған шыдай алмайды. Жәбірленушілердің бірі тергеу органдарына қысым көрсету мақсатында осы әрекетке барды деп ойлаймын. Олар өртті сөндіріп үлгерді, әйел қазір ауруханада жатыр. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Маған осылай баяндалды», — деді Қожаев Мәжіліс аясында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

    Ол Mudarabah Capital ісі бойынша 14 айыпталушы жауапқа тартылғанын айтты.

    «Олардың алтауы қамауда. Бірнеше адам үй қамауында отыр. Менің ойымша, екеуі кепілмен, ал біреуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен отыр. Алдын алу шарасы жаза емес екенін түсіну керек. Ол адамның жеке басына сай тағайындалады, адам жасырынбауы, басқа қылмыс жасамауы және басқа адамдарды тергеуге кедергі келтірмеуі үшін беріледі.

    Бұл жаза емес. Алайда осы қылмыстық іс бойынша жәбірленушілердің өздері бүгінде кім қамауда, ал басқа бұлтартпау шаралары кімге тағайындалу керегін анықтады. Өкінішке қарай, эмоция көрсетеді. Бірақ шараларды эмоцияға сай емес, заңнамаға сәйкес таңдауымыз керек», — деп толықтырды министрдің бірінші орынбасары.

    қатысты посттар

    Сырдария ауданындағы Қышқала қалашығында қазба жұмыстары жалғасуда

    Фариза

    Қызылорда қаласында эпидахуал тұрақты бақылауда

    Фариза

    «Ұятты дыбыстар шығады» Тұрғындар тұрып жатқан үйлерінің жезөкшелер ордасына айналғанын айтып шағымдануда (видео)

    Пікір қалдыру

    five × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.