-2.1 C
Алматы
Пятница, 15 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Әкімдік қызметкері оқушы қыздарды зорлады деген күдікке ілінді

    Кәмелетке толмаған оқушы қыздың анасы Лисаков қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысын қызын зорлады деп айыптады.

    Елді дүр сілкіндірген қылмыс туралы NeMolchi.kz қорының жетекшісі Дина Таңсәрі айтып берді. Құқық қорғаушы әлеуметтік желіде Қазақстан президентіне істі бақылауға алуды өтінген.

    Әзірге ішкі саясат басқармасы басшысының үстінен полицияға бір ғана арыз – кәмелетке толмаған жәбірленушінің анасынан түскен.

    Болжам бойынша, ер адам әлеуметтік желіде қыздармен танысып, оларды өзіне ғашық етіп, олармен жақындасқаннан кейін жаңа құрбан іздеген. Парақшада ол өзінің нақты жасын жасырып, отбасылық жағдайы туралы айтпаған – ер адам үйленген және баласы бар.

    «Кәмелетке толмаған баланы зорлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Ықтимал құрбандар шеңбері белгіленді. Бір өтініштен басқа полицияға арыз не хабарлама түспеген.

    Полицейлер әлеуетті жәбірленушілерге оларға қатысты заңсыз әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрап жүгінеді. Құпиялылыққа кепілдік беріледі» деп уәде берді полиция департаменті.

    Кейбір мәлімет бойынша, күдікті жұмыстан кетуге арыз жазған.

    Дереккөз: Orda.kz

    қатысты посттар

    «Ұлды болсам бүкіл ауылға той жасаймын»: блок-бекетте қаза тапқан полицейдің арманы

    Фариза

    Абай аулындағы зорланған баланың әжесін өлтіремін деп қорқытқан: қысым көрсеткен әйел қалай жазаланды?

    Фариза

    Қыздарды маркерке теңеген Жәлел өзінің дауға ұласқан дәрісіне түсініктеме берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 + 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.