Белгілі актер Алмат Сақатов азық-түлік бағасын ырықтандыра алмай отырған министрлерге шүйлікті.
Актер тіпті оларды жылы орындарынан қуу керек екенін айтып отыр, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.
Алмат базардағы азық-түлік өнімдерінің күн санап қымбаттап жатқанына ашулы. Ол бағаны реттей алмай отырған әкімдер мен министрлерді жазалау керек деп отыр.
«Бүгін менің тұңғыш немеремнің туған күні. Екіге келіп жатыр. Көңілім көтеріліп жұмысыма ақырын келе жатқан кезде премьер-министр азық-түлік бағасының 10 пайызға өсуіне байланысты әкімдер мен министрлерді жинап алып, сынады дейді. Қашанғы сынай беруге болады? Менің немерем екіде. Қазірдің өзінде 10 пайызға өсті. Немерем жиырмаға келгенде нан жей алмай кете ме? Бірінші баланы желкеңнен түсір деген бар. Істей алмай ма, қуу керек», — дейді актер.