-4.9 C
Алматы
Понедельник, 2 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Денис Теннің өлімі үшін сотталған Жанар Толыбаева бостандыққа шықты

    Атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенннің өліміне қатысы бар Жанар Толыбаева түрмеден шықты.

    Ол түрмеден өткен жылдың желтоқсан айында шыққан, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Жанар Толыбаева ҚК 434-бабымен («Қылмыс туралы хабарламау») айыпты деп танылып, төрт жылға бос бостандығынан айырылған болатын. Аяғы ауыр Толыбаева қылмыс дайындалып жатқанын білсе де, полицияға хабарламаған. Ол кейін Алматыдағы түрмеде босанды. Ал басқа айыпталушылар, яғни Нұралы Қиясов 18 жылға, Арман Құдайбергенов 18 жылға сотталды.

    Айта кетейік, ел мақтанышы, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде ұрылардың қолынан ажал құшты. Денис өзінің көлігіндегі айнаны ұрламақ болған екі ұрыны байқап қалады. Ұстамақ болғанда, қылмыскерлердің бірі оның санына пышақ салып жібереді. Сол кезде олардың жанында ЖанарТолыбаева болған.

    Көп қан жоғалтқан Денис Тен ауруханада қайтыс болды. Ол өлерінен 6 күн бұрын 25 жасқа толған.

    қатысты посттар

    «Жасөспірімдерді митингіге шақырады». Атырау полициясы да Боқаевқа шектеу қоюды ұсынды

    Фариза

    Қызылордада қазалылық кәсіпкердің құқығы қорғалды

    Фариза

    Қызылорда облысында 83 мың мұқтаж отбасыға көмек көрсетілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 + nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.