-4.1 C
Алматы
Вторник, 26 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    10 соттық жерді алу үшін өтінішті қалай береді

    Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін egov.kz арқылы кезекке тұруға болады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, ЖТҚ-ға жер учаскесін алуға кезекке қою процесін автоматтандыру мәселесін пысықтады.

    Бұған дейін жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу кезегіне тұру үшін қазақстандықтар әкімдіктерге қағаз жүзінде өтініш тапсыратын, онда кезек ретінің дұрыс жүргізілмеу қауіпі бар еді. Ол кезде кезекке тұру процесі 12 күн уақыт алатын еді. Бұл өтініштер 16 жыл бойы аудан, қала, облыс деңгейінде бөлек-бөлек сақталды.

    Жаңа жүйенің арқасында қазақстандықтар кезекке тұрып, eGov.kz-те оның жылжу барысын өз бетінше бақылап, жер кезегіне бұдан бұрын берілген өтініштің деректерін өзектендіре алады. Осылайша, әрбір қазақстандық алуы тиіс 10 сотық жерді алу процесі барынша ашық болады. Ал автоматизация арқасында бұл процеске 5 минут қана жұмсалады.

    Әкімдіктер берген тізімді біз цифрландырып, электронды форматқа ауыстырдық. Жер теліміне кезекті Цифрландыру – сыбайлас жемқорлықты жою және жерді игеру үдерісінде жасалған үлкен ілгері қадам. Енді кәмелет жасына толған әрбір қазақстандық үйден шықпай-ақ, 10 сотық жерге eGov.kz арқылы өтінім бере алады. Тағы бір жаңашылдық – енді таңдаған аймақтың әкімдігіне бармай-ақ, еліміздің кез келген өңірінен жер теліміне өтінім беруге болады, – деп түсіндірді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов.

    Қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталына кіріп, «Жылжымайтын мүлік» – «Жер қатынастары» бөлімінен «Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру» қызметін таңдау қажет.

    Әрі қарай өтініш түрін таңдау керек. Бүгінде порталда өтініштің үш түрі бар:

    • кезекке қою;
    • деректерді өзектендіру;
    • кезектен шығару.

    Егер сіз жер учаскесін алу үшін кезекке алғаш рет өтініш білдіріп тұрсаңыз, онда өзіңіз жер алуды қалайтын аймақты таңдайсыз.

    Егер сіз бұдан бұрын жер кезегіне тұрған болсаңыз, бірақ ол туралы ақпарат таппасаңыз, онда «Өзектендіру» өтініш түрін таңдауыңыз қажет.

    Кезек алғаныңызды растау үшін қолыңызда бар құжатты (талонның скан-нұсқасы, өтініштің, жеке куәліктің және т.б. көшірмелері) жүктеу қажет. Сондай-ақ кезек ретін www.map.gov4c.kz/egkn/ сайтында ЭЦҚ арқылы авторизациядан өтіп, бақылап отыруға болады.

    Бұдан бұрын алған жер кезегінен бас тарту үшін «Шығару» өтініш түрін таңдау қажет.

    Егер азамат бұдан бұрын мемлекеттен тегін жер телімін алған болса немесе елдімекенде ЖТҚ үшін бос жер телімі болмаса, жер кезегіне өтініш бере алмайды. Бос учаскелерді беру жөніндегі шешімді әкімдіктер қабылдайды. Учаскелер алаңдардың дайын болуына қарай немесе елдімекеннің бас жоспарына сәйкес, бос аумақтар болған жағдайда беріледі.

    Егер бұрын бір өңірде жер теліміне кезекке тұрған болсаңыз, ал қазір өзге аймақтан жер алуға ниеттенсеңіз, 10 сотыққа кезек реті ертерек келген өңірден жер бір рет қана берілетінін, қалған өтініштердің күші жойылатынын ескеру қажет.

    қатысты посттар

    2022 жылы Қазақстанда не қымбаттайды?

    Фариза

    Сырдарияда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 18 жоба іске асады

    Фариза

    Қызылордада «Денсаулық» саябағы ашылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.