Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматыда бес адамды атып өлтірген Игорь Дужнов сотта кінәсін мойындамады

    2021 жылғы 20 қыркүйек күні Алматының Ақбұлақ шағын ауданында кісі қолынан қайтыс болған бес адамның өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасуда. Сотталушы болған оқиғаға қатысты өз нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Игорь Дужнов жауап алу кезінде 2021жылғы 20 қыркүйектегі оқиғаның мән-жайын айтты. Айыпталушының айтуынша, сот орындаушы оларды заңсыз көшірмек болған.

    Отбасымды көшеге қаңғыртып жіберетінін түсіндім. Заңсыз көшіруді тоқтатудың бірден-бір жолы үйімнің аумағына басып кірген қарсыласты талқандауға бағытталған белсенді қарсылықты қолдану болды. Гаражда қаруым болатын. Мен гаражға кіріп, үлкен оқжатарға он оқ салып, ыңғайлы жерге бардым да, басқыншыларға: «Қабырғаға!» деп бұйрық бердім. Қатысы жоқ адамдарға шетке кетіп қалуға мүмкіндік бердім.Игорь Дужнов

    Сотталушы өзін кінәлі деп санамайды, өйткені ол отбасын заңсыз көшіруге жол бермеуде басқа амал болмады деп отыр.

    Еске салсақ, 2021 жылғы 20 қыркүйекте Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағын ауданында 54 жастағы Игорь Дужнов үйіне барған сот орындаушы мен бірнеше адамға оқ жаудырды. Бес адам қайтыс болды. Олардың арасында сот орындаушысы, екі полицей және екі бейбіт тұрғын бар. Кейін бейбіт тұрғындардың бірі үйдің жаңа қожайыны, ал екіншісі оның танысы болғаны анықталды.

    «Кісі өлтіру» және «Билік өкіліне шабуыл» бабы бойынша тергеу басталды.

    Ол 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    қатысты посттар

    «Өз ағзамызды беруге дайынбыз»: Кореяда баланы қаққан қазақстандық жігіттің анасы кореялықтардан кешірім сұрады

    Фариза

    Таразда қаңғыбас ер адам көпқабатты үйдің ауласында жатқан итті бірнеше күн бойы зорлаған

    Фариза

    Алматыда 3 айлық нәрестеге туған әкесі зорлық көрсеткен

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.