-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Шымкент полициясының баспасөз хатшысы өзіне қол жұмсамақ болған

    Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева өзіне қол жұмсамақ болған, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Оқиға 5 сәуірде болған. Одан бір күн бұрын Мөлдір Бекеева Facebook-парақшасында қоштасу жазбасын қалдырған. Жазбада ол мұндай қадамға қалалық ПД басшылығының қысымы итермелегенін айтқан. Оның айтуынша, оған Шымкент қалалық ПД-ның жаңа басшысы Қайрат Дәлбеков журналистерді «тамақтандыруды» ұсынған көрінеді. Бекееваның айтуынша, бұдан бас тартқаннан кейін оның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Ол бұлай өмір сүре алмайтынын айтып, отбасымен, достарымен және әріптестерімен қоштасқан.

    Кейін бұл жағдайға қатысты Шымкент қалалық ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, Мөлдір Бекееваға қатысты соталды тергеу Қылмыстық кодекстің 378-бабы «Билік өкілін қорлау» бойынша жүргізіліп жатыр.

    «Наурыздың аяғында Youtube-те Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы (Мөлдір Бекеева — еск.) полиция қызметкеріне балағат сөздер айтты деген жазба пайда болды. Осыған байланысты Шымкент қалалық ПД басшысы ішкі тексеріс тағайындады. Нәтижесінде, Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері баспасөз қызметі басшысымен әңгімесін жазып алған полицейді анықтады. Қызметкер қарт ата-анасының жалғыз асыраушысы болғандықтан, жұмысын сақтап қалу үшін былтыр желтоқсанда осы әңгімені жазып алғанын түсіндірді. 

    Штабтың Жедел басқару орталығының офицері және маманы бола тұра, ол бұрынғы ПД басшысының бұйрығы бойынша баспасөз хатшысының қолбасшылығына жіберілген. Ал ол (баспасөз хатшысы — еск.) өз кезегінде, оны күнде келеңсіздікке ұшыратып, балағаттап, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлаған. Бұл ретте Бекеева оны жұмыстан шығарамыз деп қорқытқан. Кейін ол бұл жазбаны WhatsApp желісінде бөліскен, ал өзі моральдық және психологиялық қысымға төтеп бере алмай, ауруханаға түсті», — делінген Өзіндік қауіпсіздік басқармасы хабарламасында.

    Бұл полицейдің сөзін баспасөз қызметі мен кадр жұмысы, сондай-ақ бес жүргізуші қолдап, растағаны атап өтілді. Олардың бәрі Бекеева ПД баспасөз қызметін басқарған 10 ай ішінде жұмыс істегені белгілі болды.

    «Содан кейін Жедел басқару орталығының қызметкері қылмыстық іс қозғау туралы хаттама толтырды. Оның хабарламасы ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы «Билік өкілін қорлау» бойынша тіркелді. Өтініш бойынша соталды тергеуді анықтау бөлімі жүргізеді. Ал Қаратау аудандық полиция бөлімінде өзіне қол жұмсау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша соталы тергеу басталды», — делінген хабарламада.

    Ведомство мәліметінше, қазір Мөлдір Бекеева ауруханада жатыр.

    қатысты посттар

    Алматыда 1276 көп балалы отбасы пәтерге кезекте тұр

    Таразда қаңғыбас ер адам көпқабатты үйдің ауласында жатқан итті бірнеше күн бойы зорлаған

    Фариза

    Қарияны самокатпен ұрған әйел жұрттың ашуына тиді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    thirteen − thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.