23 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жемқорлық

    Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы компаниялардың былығы ашылды

    Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы екі компанияның басшылары ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы әйелі Ғ.Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты тергеуді жалғастырып жатыр, деп хаюарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz порталына сілтеме жасап
    “Тергеу Қ.Сатыбалдыұлының бақылауындағы компаниялар – кірме теміржол желілері (соңғы километр) иелерінің ақша жымқырғанын анықтады”, – делінген хабарламада.
    “Аталған тұлғалар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының көмегімен елдегі қала құраушы кәсіпорындарға кіреберіс жолдарға қызмет көрсету тарифін негізсіз жоғарылату арқылы миллиардтаған пайда тапқан, бұл халықтың тіршілігін қамтамасыз ету қызметтері бағасының өсуіне әкелген”, – деп атап өтті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
    Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы екі компанияның басшылары ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
    Күдіктілердің кінәсін сот анықтайды.
    Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпараттар жария етілмейді.

    қатысты посттар

    Экс-министр Елжан Біртановқа үйден шығуға рұқсат берілді

    Фариза

    Боранбаев пен Сатыбалдыұлын қамау мерзімі ұзарды

    Фариза

    Алматыда университет жерін заңсыз сатқан шенділер ұсталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 + eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.