-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Мәжіліс депутаттарының қазақ тілін үйренуіне қаржы бөліне ме?

    Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттардың көбі өз бетінше мемлекеттік тіл курстарына барып жүргенін айтады.

    Парламент Мәжілісіндегі депутаттардың мемлекеттік тіл меңгеруін жетілдіруге бюджеттен қаржы бөлінбеуі мүмкін, деп хабарлады Qazweek.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап. 

    Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттардың көбі өз бетінше мемлекеттік тіл курстарына барып жүргенін айтты. Алайда кей мәжілісмен терминдерді жетік меңгеруі үшін ел бюджетінен тіл үйренуге қаражат бөлінгені дұрыс десе, кейбірі әркім өз ақшасына үйренсін деген ұстанымда. 

    «Үкімет жиналысының бәрі мемлекеттік тілде өтеді. Мәжіліс пен комитет отырыстарының 80-90 пайызы қазақ тілінде жүргізіледі. Менің ойымша, белгілі бір межеге жеттік. Бірақ, әрі қарай да бұл жұмысты жүйелі түрде дамыту керек», – деді мәжіліс депутаты Ерлан Саиров. 

     


    Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның айтуынша, мемлекеттік тілді үйренуге жұмсалатын 27 миллион теңге аса көп қаражат емес. Депутаттардың бәрі заңның тілін жетік білуі қажет. 

    «Қазақстан парламентінде мемлекеттік тілді білмеу – жаңсақтық. Керемет шешен болып кетпесін, Қазтуған жыраудың жырларын зерттемесін, бірақ кем деген алдына келген азаматпен сіз-біз десіп сөйлесе алатын, біреу пікір айтып жатса, негізін түсінетіндей дәрежеде болуы керек», – деді Айдос Сарым. 

    Мәжіліс төрағасы депутаттардың тіл біліктілігін арттыруға қаражаттың бұрыннан бөлініп келе жатқанын айтады. Өйткені, әртүрлі сала маманы болғандықтан, кей депутат кейбір терминді білмеуі мүмкін. Қажеттілік осыдан туындаған. Алайда қазір бұрынғыдай қажеттілік жоқ. Онсыз да депутаттардың көбі қазір өз қаражатына тіл үйреніп жүр.

    «Заң шығарудың өзінің ерекше тілі бар. Терминдері мен басқасы бар. Ол үшін, әрине, депутаттардың біліктілігін арттыру қажет. Депутаттар әр саладан келген. Бәрі заңгер емес, әртүрлі мамандық иелері. Курстардың пайда болуына осы әсер етті деп ойлаймын. Егер тиімділігі бар болса, қалдырамыз. Болмаса, жабамыз», – деді мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов. 

     


    Елде Геннадий Шиповских, Наталья Деменьтева, Снежанна Имашева секілді мәжілісмендер мемлекеттік тілде еркін сөйлей алады. Ал Аманжан Жамалов, Айдын Қоңыров, Айгүл Жұмабаевалар депутаттық сауалдарын үнемі орыс тілінде жолдап жүр. 

    қатысты посттар

    Енді 42 500 теңгеге ЭЦП-сыз да, компьютерсіз де өтініш жіберуге болады

    Фариза

    Мұхтар Тайжан Божкоға: Мұндай әңгімені өзіңіздің балаларыңызға айтасыз!

    Фариза

    «Олардың артында қолында билігі бар адамдар тұрғаны түсінікті» Жәкішев қаңтар оқиғасына қатысты пікір білдірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.