-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Ақмола облысының тұрғыны күйеуін төрт жастағы қызын зорлады деп айыптады

    Ақмола облысының тұрғыны күйеуін төрт жастағы қызын зорлады деп айыптады. Оның айтуынша, бұл туралы қыздың өзі анасы ажырасып кеткеннен кейін айтып берген, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі «Астана» телеарнасы сілтеме жасап.

    Телеарна мәліметінше, әйел адам ауруханада болған кезінде ер адам өгей балаларымен қалған. Лилия есімді қыздың сөзінше, өгей әкесі бірнеше рет зорлық жасаған. Артынша қызға ойыншықтар алып беріп отырған.  

    «Ер адамдарды көрсе қашып, айғайлап, жылай бастайды. Бала травма алып қалған. Уақыт өте келе түсіндік, ол зорлап, артынан ойыншықтар алып беріп, ойнатып жүрген. Қызым бұл жақсы не жаман екенін түсінбеген», — жәбірленуші қыздың анасы Мадина Бирюкова.  

    Ол қызы бұған дейін де өгей әкесін айтып шағымданғанын еске алды. Қыздың айтуына, әкесі киімдерін жыртқан. Алайда ол кезде Мадина еш күдіктенбеген. Ал полицейлер басқаша ойлаған. 

    «Үш күн бұрын тергеуші хабарласып, күйеуіме қарсы шағымнан бас тартып, оған қатысты қандай да бір шара қолданудан бас тарту керегін айтты. Қызым айтты екен деп оны ешкім қамауға алмайды, оған ештеңе де болмайды екен. Олар маған полиграфтың заң аясында күші жоғын айтты», — дейді Мадина. 

    Сонымен қатар, Мадина тергеушілер нақты әрекет етпей, дөрекі сөйлесетіндерін айтады. Тәртіп сақшылары әйел адам бұл оқиғаны ойдан шығарған деп ойлайды екен. Сөйтіп, бұл іске қоғам белсенділерінің араласуына тура келді. Еріктілер қоғамдық резонанс арқылы полицейлер жұмысын дұрыс атқарады деп сенеді. 

    «Әрине, олардың салы суға кеткен. Бұл сұмдық жағдай ғой. Төрт жастағы бала алдайды деп ойламаймын. Олардың жасында мұндай оқиғаны ойлап табу түгіл, тақпақ жаттату қиын. Бала көптеген полицейге бір нәрсені бірнеше рет айтып берді. Оны психолог та растай алады. Полиция салғырт қарап отыр. Неліктен кешенді медициналық-психологиялық сараптама жасамай отыр?», — дейді «НеМолчи» қорының өкілдері. 

    Кейбір сараптамалар төрт ай өткеннен кейін жасалған. Қыздың денесі мен шырышты қабығынан зорлық әрекеттері анықталмаған. Ер адам уақытша ұстау изоляторынан тез шығып кеткен. Оған үйқамақта отыруға рұқсат етілді. 

    Күдіктінің өзі бәріне әйелінің інісі кінәлі екенін айтқан. Бірақ Мадина Бирюкова інісі бөлек тұратынын, көп көріспейтінін айтады. Ал Лилияға мамандардың көмегі қажет, бірақ бұл жағдайда ақылы қызмет көрсететін психологтар қызбен жұмыс істеуден бас тартып отыр екен.   

    қатысты посттар

    Шымкенттік құтқарушылар мақтаарал ауданының су басқан елдімекендерінде көмек көрсетуде

    Фариза

    Ер адам өз презенттерін соққыға жығып, оларды жыныстық қатынасқа итермелеген

    «Халықты тексергім келді» Ахметбек Нұрсила: Бұл әншейін қойылым, хайп үшін жасадым (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 + fourteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.