-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Бұл — халыққа қызмет көрсету емес, халықты мазақ ету — депутат АвтоХҚКО туралы

    Мәжіліс депутаты Ғани Хамзин аудан орталықтары мен шағын қалаларда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жоқ екенін айтып, министрлікке сауал жолдады.

    Депутат жүргізуші куәлігін алу үшін облыс орталығынан 400-500 шақырым қашықтықта орналасқан шалғай ауыл тұрғындары қиналып жатқанын айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Соңғы деректер бойынша еліміздің 8,5 миллиондай азаматы облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда тұрады. Ал қалған 10,5 миллион адам қызметтер алу үшін облыс орталықтарына баруға мәжбүр,— дейді Ғани Хамзин.

    Ол мысал ретінде Үржарда тұратын жас жігіт жүргізуші күәлігіне емтихан тапсыру үшін Өскеменге дейін 480 шақырым жол жүруі керектігін айтты.

    Қарағандыдан Жезқазғанға дейін 528 шақырым, Оралдан Бөкейордаға дейін 550 шақырым, Арқалықтан Қостанайға дейін 465 шақырым және әр облыста осылай. Шалғай ауылдарды айтпағанда, аудан орталықтарынан облыс орталығына дейінгі орташа қашықтық осылай, — дейді депутат.

    Мәжілісмен Түркістан облысының тұрғындары тіпті Шымкент пен Алматыға баруға мәжбүр екенін айтты. Өйткені жеке облыс болса да әлі күнге дейін Түркістанда сертификатталған автодром жоқ.

    Желіден Шымкент қаласына жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыруға келген азаматтардың халыққа қызмет көрсету орталығының есігіне симай дуалынан секіріп кіргенін барлықтарыңыз көрдіңіздер. Бұл халыққа қызмет көрсету емес- бұл халықты мазақ етіп, қорлау, — дейді Ғани Хамзин.

    қатысты посттар

    «Қоғамның дені сау емес… Есі дұрыс адам солай жасай ма?» — депутат

    Әкім: Балабақшада 6 тілді оқытуымыз мүмкін

    Үкімет басшысы жаңа Қазақстан қалай болатынын айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 + 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.