Суббота, 27 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қазақстанда қант бағасын алып-сатарлар қымбаттатқан

    Монополияға қарсы бағытталған іс-қимыл қорытындысы бойынша шара қабылданады
     
    Қазақстан бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті бағаға жүргізілген мониторинг нәтижесінде қант бағасы алып-сатарлардың әрекетінен қымбаттағанын анықтады.
     
    «Қазіргі уақытта нарық субъектілерінің үстемдік үлесін анықтау мақсатында ірі жабдықтаушыларға сауал жолданды. Монополияға қарсы бағытталған іс-қимыл қорытындысы бойынша шара қабылданады», — деп жазылған хабарламада.
    Монополияға қарсы департамент азаматтарды дүрбелеңге салынбауға шақырып, бәсекелестікке қарсы келісімдер, келісілген әрекеттер нәтижесінде алып-сатарлық жолмен бағаны өсіру, сондай-ақ үстемдік жағдайды теріс пайдалану монополиялық кірісті (таза пайданы) тәркілеп, кірістің 3-5 проценті мөлшерінде айыппұл салуға алып келетінін ескертті.
     
    Еске сала кетейік, өткен аптада Ресейдің қант экспортына тыйым салуы және Қазақстандағы қант қоры үш айға жететіні туралы хабарлама тарауы салдарынан Қазақстан тұрғындары дүкендегі құмшекерді жаппай сатып алуға кірісті.
     
    Сауда министрлігі Қазақстанда қант қоры жеткілікті екенін және алдағы уақытта бұл қорды толықтыруға ешқандай кедергі жоқ екенін мәлімдеді.

    Дереккөз: Sputnik.kz

    қатысты посттар

    Түркістан облысында ораза кезінде ішімдік сатылмайтын болды

    «Тұншықтырып өлтіріп, кейін өртеп жіберген»: Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қыздың денесі табылды

    Фариза

    «Қытайдың биологиялық қаруы» Коронавирус Ухань лабораториясында 2018 жылы ашылған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fourteen + 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.