Суббота, 17 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Жұмагелдиевтің жоғалтатын ештеңесі жоқ – Бас прокурор

    Бас прокурор Берік Асылов «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің және оның тобының 14 мүшесі ұсталғаны туралы айтты.

    Бас прокурор барлық органдар бойынша тұтқындалғандардың жалпы саны 766 күдіктіні құрағанын хабарлады.

    – Негізінен бұл 30 жасқа дейінгі жастар, жұмыссыздар, жоғары білімі жоқ азаматтар. Олардың ішінде деструктивті діни ағымдардың 19 жақтаушысы, тыйым салынған экстремистік ұйымдардың 27 белсендісі, ұйымдасқан қылмыстық топтардың 24 мүшесі және 113-і кісі өлтіргені, ұрлағаны, тонағаны және қарақшылық жасағаны үшін соттылығы бар адамдар.

    Мысалы, «Дикий Арман» деп аталатын Жұмагелдиев пен оның тобының 14 мүшесі қамауда. Мұндай адамдардың жоғалтатын ештеңесі жоқ және олар әртүрлі қылмыстарды оңай жасайды, олар дүкендерді қиратты, тонаумен айналысты, әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасады, – деді Берік Асылов мәжіліс отырысында.

    Сонымен қатар, бас прокурордың айтуынша, Алматыда ҰҚКД-ның алты қызметкері Жұмагелдиевтің қылмыстық тобы ұрлап кеткен 24 азаматқа қатысты азаптаулар қолданды деген күдікке ілінген. Нәтижесінде барлық жәбірленушілер дене жарақатын алып, бір адам қайтыс болды.

    Дереккөз: Orda.kz

    қатысты посттар

    Денис Теннің өлімі бойынша сотталған әйел түрмеде босанды

    Алматы облысында 40 жастағы ер адам анасын ұрып өлтірді

    Фариза

    42 500 теңге алушылар үшін кезекті төртінші өзгеріс енгізілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen + fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.