-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Бас прокурор қаңтар оқиғасы туралы: Түпкі мақсат билікті күшпен басып алу болды

    Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанда қаңтардағы оқиғалар толқын сипатында дамығанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Оның айтуынша, қаңтар оқиғасы толқын тәрізді болған.

    «Бірінші толқын — бейбіт митингілер. Олармен полицияның ешқандай қақтығысы болған жоқ. Керісінше, билік бейбіт митингілер өткізуге мүмкіндік берді. Алайда содан кейін наразылық білдірушілер қатарына түрлі экстремистер қосылды, олар наразылықты радикал бағытқа бұрды. Олардың қозуына байланысты алғашқы қақтығыстар басталды. Бұл — екінші толқын. Үшінші толқынға қылмыстық топтар қосылды. Бұзақылық, өртеу басталды», — деді Асылов Мәжілістің жалпы отырысында.

    Оның айтуынша, түрлі нысандарға шабуыл жасаған қарулы радикалдар хаосты пайдаланған.

    «Яғни, біз экстремизм, қылмыс және діни радикализмнің ұштасқанын көрдік. Егер мемлекеттің шешуші әрекеттері болмаса, басқалар да осы толқынға қосылуы мүмкін еді. Түпкі мақсат билікті күшпен басып алу болды. Барлық әрекет келісілген сипатта болды. Жоспарланған акция бар», — деді бас прокурор.

    қатысты посттар

    Ауғанстаннан кеткісі келгендер өзін қазақпын деп таныстырып жатыр — СІМ

    Фариза

    Қызылорда облысында карантиндік шектеулердің әсерінен вирус динамикасы тұрақталып келеді

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова Қызылордада 600 орындық жаңа мектептің кірпішін қалады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    10 − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.