8 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматы облысында ер адам әйелін аяусыз ұрып өлтірді

    Алматы облысында ер адам 34 жастағы әйелін аяусыз өлтірді, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

    Ер адамның сөзінше, әйелі көзіне шөп салған. Олар Талғар ауданында тұратын, кәмелетке толмаған екі баласы бар. Вахтада жұмыс істейтін ер адам үйінде айлап болмайтын. Кезекті іссапарынан кейін үйіне оралған ер адам әйелі мас екенін, балалары аш жатқанын көрген. 

    Ашуланған ер адам жанжал шығарып, әйелі көзіне шөп салғанын айтып, соққыға жыққан. Әйел адам ауруханаға жеткізілген, бірақ ол есін жимастан қайтыс болған. 

    “Тергеу Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіледі. Қылмыстық істі жан-жақты және объективті тергеу үшін барлық қажет сараптама тағайындалды”, – деді Талғар аудандық полициясының тергеушісі Әлішер Ерланов.

    Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

    қатысты посттар

    Күніне 100 тонна мұнай Қазақстаннан Қырғызстанға заңсыз тасымалданған

    Фариза

    Қадір түнінде мешіттер жұмыс істемейді. Қасиетті түнді үйде қалай өткізген жөн?

    Фариза

    Данэлия Төлешованың жаңа бейнебаяны шықты

    Пікір қалдыру

    two × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.