-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазақстанда баспана рекордтық деңгейде қымбаттап кетті

    Қазақстанда қайталама тұрғын үй рекордтық деңгейде қымбаттап кетті. Бұған Ұлттық статистика бюросының мәліметтері дәлел, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

    Бюро мәліметтеріне сенсек, шаршы метрдің құны бірден 5,5 пайызға өскен, бұл кейінгі сегіз жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды. Сонымен қатар, жаңа ғимараттарда өсім шамалы — 0,4 пайыз.

    Бәрінен бұрын Нұр-Сұлтандағы қайталама жылжымайтын мүлік бағасы 10 пайызға жуық өскен. Мұнда орташа шаршы метрі 590 мың теңге тұрады. Баға динамикасы бойынша Атырау мен Талдықорған да антилидер болып отыр. Алматыда пәтерлер шамамен, үш пайызға қымбаттаған.

    Бірінші несие бюросының сарапшылары бұл 20 ақпандағы деректер деп хабарлайды. Украинадағы оқиғалар мен доллар бағамының өсуі деректерде әлі көрініс тапқан жоқ.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында 22 мәдени нысан жөндеуден өтуде

    Фариза

    Жалағашта бірқатар мектептер күрделі жөндеуден өткізіледі

    Фариза

    Қазалыдағы мектептің жөндеу жұмысына 22 жұмыссыз тұрғын тартылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.