23.4 C
Алматы
Воскресенье, 24 августа 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматы облысында ер адам әйелін аяусыз ұрып өлтірді

    Алматы облысында ер адам 34 жастағы әйелін аяусыз өлтірді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

    Ер адамның сөзінше, әйелі көзіне шөп салған. Олар Талғар ауданында тұратын, кәмелетке толмаған екі баласы бар. Вахтада жұмыс істейтін ер адам үйінде айлап болмайтын. Кезекті іссапарынан кейін үйіне оралған ер адам әйелі мас екенін, балалары аш жатқанын көрген. 

    Ашуланған ер адам жанжал шығарып, әйелі көзіне шөп салғанын айтып, соққыға жыққан. Әйел адам ауруханаға жеткізілген, бірақ ол есін жимастан қайтыс болған. 

    «Тергеу Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіледі. Қылмыстық істі жан-жақты және объективті тергеу үшін барлық қажет сараптама тағайындалды», — деді Талғар аудандық полициясының тергеушісі Әлішер Ерланов.

    Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

    қатысты посттар

    «Тікұшақпен вирус шашып жүр»: Қорғаныс министрлігі алып-қашпа әңгімеге жауап берді

    Фариза

    Алматыда «Ақкент» тұрғын үй кешені карантинге алынды

    Фариза

    Павлодарда қар жауғанын видеоға түсіріп, оны туыстарына жібергені үшін әжейге кешірім сұратқан

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 − 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.