-0.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Үкіметте алдағы уақытта кімнің жалақысы көтерілетіні айтылды

    Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2025 жылға дейін халық табысын арттыру бағдарламасы бойынша кімнің жалақысы көтерілетінін айтты, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Министрдің сөзінше, кедейшілік пен жұмыссыздық деңгейі бойынша талдау нәтижелеріндегі тұрақты оң динамикаға қарамастан, соңғы екі жылда халықтың ақшалай табысының өсу қарқыны 2019 жылғы 6,4 пайыздан 2021 жылғы 2,9 пайызға дейін баяулаған.

    «Сонымен қатар, еңбек етуден түсетін кірістің төмендеуі және әлеуметтік трансфеттердің кірісінің өсуі байқалады. Еңбек етуден түсетін табыстың үлесі соңғы он жылдағы 10,8 пайыздық тармаққа төмендеді, ал әлеуметтік трансфеттердің үлесі 10 пайыздық тармаққа өсті», — дейді ол. 

    2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында шаралар тікелей және жанама болып бөлінетіні де айтылды.

    «Тікелей шаралар — бюджет жұмыскерлерінің жалақысын көтеру және кірістердегі теңгерімсіздіктерді теңестіруге бағытталған. Жанамаға халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, кәсіптік дайярлау, қайта даярлау, кәсіпкерлікті дамыту және басқалады», — деді ол. 

    Әлібек Қуантыров еңбек табысының өсуін қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау, білім беру, мәжениет, ғылым салалары жұмыскерлерінің орташа жалақысы көтерілетінін айтты. 

    Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың табысын арттыруды қамтамасыз ететін жоба жасауды тапсырған болатын. Елдегі кедейлікті төмендету үшін нақты шаралар қабылдау керегін атап өтті.

    «Шаралар кешені қабылданып, халықтың табысын арттыратын бағдарлама жасалуы керек. Жұмыс нақты әрі мақсатты болуы тиіс. Әрбір басқару деңгейінде кедейлікті  азайтудың нақты көрсеткіштері белгіленуі керек. Жұмысқа мұқтаж жандардың нақты санын анықтау қажет», — деді ол Мәжіліс отырысында.

    қатысты посттар

    Маңғыстау облысында Форт-Шевченко қаласының әкімі мас күйінде ұсталды

    Фариза

    Бойжеткен селфи жасаймын деп қаза тапты

    Қазақстанда Абай, Ұлытау және Жетісу атты жаңа үш облыс құрылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.