-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «11 қымбат көлік тәркіленді»: Мәсімов 2 млн доллар пара алды деген күдікке ілінді

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және лауазымдық міндеттерін асыра пайдалану күдігі бойынша Мәсімов пен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа деректер жариялады, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Сонымен қатар, тергеу барысында Мәсімов әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық белгілері көп анықталғаны хабарланды.

    «Жылжымайтын мүлікті заңсыз алу деректері, қымбат сыйлықтар, оның ішінде мәдени құндылықтар, отандық бизнес-қоғамдастық өкілдерінен және шетелдік субъектілерден қомақты қаражат алу дерегі құжатқа түсті.

    Атап айтқанда, ҰҚК төрағасы лауазымында Мәсімовтың жабық келісімшарттардың бірі бойынша шет мемлекет өкілдерінен 2 миллион АҚШ доллары сомасында пара алу дерегіне тергеу жүріп жатыр», — делінген хабарламада.

    Аталған қаражаттың Гонконгтан Қазақстан Ұлттық банкіне қайтарылуы қамтамасыз етілетіні айтылды.

    Сондай-ақ, Мәсімов премьер-министр лауазымында болғанда елордада бизнес-құрылымдардың бірінен құны 2,5 миллиард теңгеге жуық элиталық қонақ үй мен жер учаскесін алу дерегі бойынша тергеу басталды.

    Мәсімов ұсталғаннан кейін, 2022 жылдың қаңтарында бұл қонақ үйден 17,2 миллион АҚШ доллары, сондай-ақ көптеген сәнді заттар — элиталық сағаттар, алтын құймалар, антиквариат және тағы басқа заттар тәркіленгені хабарланды.

    Одан бөлек, бизнес-класс санатындағы 11 қымбат автокөлік тәркіленді.

    Нұр-Сұлтан қаласындағы екі элиталық пәтеріне, Алматыдағы екі пәтерге және сарайға, сондай-ақ, Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлдің жағасындағы ауданы 1 гектар жер учаскесіне тыйым салынды.

    Мәсімовпен жақын байланыстағы адамдардан 5,1 миллион доллар тәркіленді.

    «Осымен бір мезгілде Мәсімов пен оның айналасындағылар шетел банктеріне заңсыз шығарған аса ірі мөлшердегі ақшалай қаражатты іздестіру, бұғаттау және Қазақстанға қайтару бойынша жұмыс ұйымдастырылды», — делінген хабарламада.

    ҰҚК мәліметінше, барлық көрсетілген деректер бойынша қарқынды жедел жедел-тергеу іс-шаралары жүріп жатыр.

    қатысты посттар

    Күршімнің жері Қытайға берілді ме?

    Қызылорда облысында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде

    Фариза

    Қызылордада 255 ардагерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 + two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.