-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Экономика

    «Ұлттық банк батыл шешім қабылдап, рубльден бас тартуы тиіс» — Ұлттық экономика министрі

    Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Еуразиялық экономикалық одақ туралы пікірін білдірді.

    Ол Facebook желісіндегі парақшасында Ұлттық банк теңгені рубльден айырудан қорықпауы керектігін айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    «Қазір көбі Ресеймен Экономикалық одақтан шығу туралы айтып жатыр. Эмоцияға толы пікір. Бірақ бұл прагматикалық көзқарас емес. Негізі, Еуразиялық экономикалық одақ қағаз жүзінде демесек, былай жұмыс істеп тұрған жоқ. Яғни де-юре бар, есесіне де-факто жоқ. Ал Ұлттық банк теңгені рубльден айырудан қорықпауы керек», — дейді Қуандық Бишімбаев.

    Ол өйткені қазір жағдай басқаша деп отыр. «Бәйтерек» ұлттық холдингін басқарған жылдарымен салыстырғанда бүгінгі жағдай айырмасы жер мен көктей деп санайды. Мысалы, 2014 жылғы санкциялармен салыстырғанда қазір Ресей өзі тауар экспорттауды шектеп тастаған. Басты айырмашылық осында болып тұр.

    «Жағдай мүлдем бөлек. Бұл 2015 жыл емес. Ресейдің өзі тауарларды экспорттауға тыйым салады. Тіпті қазірдің өзінде тыйым салып қойған болар. Өйткені оларда енді тапшылық (дефицит) болады. Егер осындай тәуекелге бармаса, 1992 жыл қайталануы мүмкін. Ол кезде Ресейден Қазақстанға ескі кеңестік рубль құйылып, инфляция 3000 пайызға жеткен», — дейді экс-министр.

    Қуандық Бишімбаев осы ретте Қазақстан басқа елдермен саудадағы барлық кедергілерді (кеден, баж, т.б) жоюы керектігін айтып отыр. Енді отандық өндіріс пен нарықты қорғауға жағдай жасауымыз қажет екендігі анық дейді ол.

    Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев 2017 жылы қаңтар айында қамауға алынып, 2018 жылы наурыз айында 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұрынғы Ұлттық экономика министріне шыны зауытының құрылысынан 1,2 миллиард теңге жымқырды және ірі көлемде пара алған деген айып тағылған болатын. Бірақ ол 2019 жылы бостандыққа шықты.

    қатысты посттар

    «Бизнес одан сайын құлдырайды»: кәсіпкерлер тексерістердің басталуына наразы

    Фариза

    Жүктілерге 425 мың теңге төлене ме? Министр жауап берді

    Жамбылцы отправили 33 тонны сена в Кызылординскую область

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen − nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.