Понедельник, 17 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Украина соғысындағы көліктер Алматыда не істеп жүр?»

    Алматы қалалық полиция департаменті көлігінің артына «Z» белгісін жапсырып алған көліктердің иелерін іздеп жатыр.

    Осындай белгі Украинаға басып кірген Ресейдің әскери техникасына қойылған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Қала тұрғыны Алматыдағы Сәтпаев көшесінің бойында жүрген жеңіл көліктің артқы әйнегіндегі «Z» белгісін көріп қалған. Ол көлікті суретке түсіріп, Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановқа жіберіпті. Бұл тек қана бір ғана дерек емес. Алматыда тағы бірнеше көліктің артқы әйнегінде осындай белгілер пайда болған.

    facebook
    facebook

    Біз тексеруді бастап кеттік. Белгіні жапсыру ҚР заңнамаларына қайшы келеді ме және не үшін, қандай мақсатпен жапсырып алғанын анықтайтын боламыз, — деді Рустам Әбдірахманов.

    Көліктегі белгілер желі қолданушыларының ашуын туғызды. Олар «Украина соғысындағы көліктер Алматыда не істеп жүр?», «Жаман ырым!», «Соғысты армандап жүр ме?» деп жазды.

    қатысты посттар

    Баласын ұрып-соғатындарға қатысты жаза күшейтіледі – Сәуле Айтпаева

    Фариза

    Қазақстанда тұрғын үй жалдау бағасы өсті

    Фариза

    Қызылордада 42 мыңнан астам адамға 42 500 теңге тағайындалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 + 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.