-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Тоқаев Nur Otan партиясының атын «Аманат» деп өзгерту туралы ұсынысты қолдады

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезінде партияның атын «Аманат» деп өзгерту туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    «Аманат» қазақ тілінен аударғанда «Бабалар өсиеті», «Болашақ ұрпаққа аманат» дегенді білдіреді. Сондықтан партияның (Nur Otan. – Ред.) атын Аманат деп өзгерту туралы ұсынысты қолдаймын, — Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

    Бұған дейін мұндай ұсынысты ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов айтқан болатын.

    Бұл жерді, осы халықты ата-бабаларымыз аманат етіп қалдырған, біз оны кейінгі ұрпаққа аманат етуіміз керек. Халықтың бірлігі, халықтар достығы, еңбексүйгіштігін жаңа ұрпаққа аманат етуге міндеттіміз. Елімізде болып жатқан өзгерістердің бел ортасында біздің партия тұр. Ашығын айтқанда, елмен бірге партияның да жаңаруы қажет. Ұйымның қызметін жаңа мағынамен толтыру үшін қажетті өзгерістерді енгізу маңызды. Осыған байланысты партияның сипаты мен атауын өзгертуді дұрыс деп санаймыз. Сондықтан парламенттік көпшілік партияның атын «Аманат» деп өзгертуді ұсынады,- Ерлан Қошанов

    қатысты посттар

    Бір қабір — бар әлемнің қасіретіне айналмасын! 3-дүниежүзілік соғыс басталып кетті ме?

    Фариза

    «Құтқарыңдар!» деп айқайлаған аянышты дауыстарды біз 24 сағат естіп тұрамыз» Сайрагүл Сауытбай Қытайдың қайта тәрбиелеу лагеріндегі жантүршігерлік жағдайлар туралы айтып берді

    Фариза

    «Әр нәрсенің түбіртегін жинап жүремін бе?» — көпбалалы аналар шу шығарды

    Пікір қалдыру

    two × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.