11 C
Алматы
Вторник, 5 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Жаңаөзенде жедел жәрдем қызметкерлері ереуілге шықты

    Жаңаөзендік жедел жәрдем қызметкерлерінің бір бөлігі наразылық білдіріп, жұмысқа шығудан бас тартқан. Қалада 120 мыңға жуық тұрғын бар, медициналық қызметкерлердің екі бригадасы ғана жұмыс істеп жатыр.

     Lada.kz ақпаратына сәйкес, фельдшерлер мен медқызметкерлер жалақының 300-400 мың теңгеге өсіруін талап етуде. Олан бөлек олар төмендегідей талаптарын айтқан:

    • қалалық әкімдіктің басқаруында жұмыс істеп, басшыларды өзіміз таңдауға мүмкіндік берілсін;
    • мереке қарсаңында ақшалай сыйлық тағайындасын;
    • шипажайлар мен балалар лагеріне жолдама қарастыратын әлеуметтік пакет құрылсын.

    Наразылық білдірушілердің айтуынша, олардың талаптарын әлі ешкім орындамаған. Осыған байланысты жедел жәрдем қызметкерлерінің бір бөлігі 24 ақпаннан бері жұмысқа шықпаған.

    Жаңаөзендегі жедел жәрдем қызметкерлерінің талаптарына Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы жауап берді. Ведомствада Жаңаөзендегі жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысы орташа есеппен айына 145 мың теңге, фельдшерлер 174 мың теңге, санитарлар 97 мың теңге алатынын айтты. Олардың талаптарын орындап, айлықты 400 мың теңгеге көтеру мүмкін еместігін жеткізді.

    «Жұмыс беруші мемлекеттік мерекелер қарсаңында, атап айтқанда Наурыз, Тәуелсіздік күніне, сонымен қатар медицинилық қызметкерлердің кәсіби мерекесіне орай 1 ЕТЖ (60 мың теңге) сыйақы тағайындау туралы талапты қанағаттандырды. Сондай-ақ, жұмыс беруші жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысына сараланған қосымша ақы белгілеуді ұсынды. Дәрігерлерге, фельдшерлерге және жүргізушілерге үстемақы 40 мың теңгені, санитарларға — 20 мың теңгені, басқа қызметкерлерге — 30 мың теңге болады. Басқа аудандар мен Ақтау қаласының Жедел жәрдем қызметкерлері бұл шешімге қанағаттанды. Жаңаөзен қызметкерлері келіспей, жалақыларын 300 000 — 400 000 теңгеге көтеруді талап етті» деп пікір білдірді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

    Ведомствоның мәліметінше, Жаңаөзенде жедел жәрдем шақыруларына қалалық емханалардың мобильді бригадалары жұмылдырылған. Ведомствода дәрігерлердің ереуілі заңсыз деп аталды.

    қатысты посттар

    Ақмола облысының тұрғыны күйеуін төрт жастағы қызын зорлады деп айыптады

    Фариза

    Бүгінгі қоғамның санасы жиіркенішті деңгейге түсіп кеткені қалай? Суреттер сөйлесін

    Фариза

    Шымкент: Қаладағы 4 су қоймасында су мөлшері қалыпты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − fourteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.