28.5 C
Алматы
Вторник, 29 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Украина соғысындағы көліктер Алматыда не істеп жүр?»

    Алматы қалалық полиция департаменті көлігінің артына «Z» белгісін жапсырып алған көліктердің иелерін іздеп жатыр.

    Осындай белгі Украинаға басып кірген Ресейдің әскери техникасына қойылған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Қала тұрғыны Алматыдағы Сәтпаев көшесінің бойында жүрген жеңіл көліктің артқы әйнегіндегі «Z» белгісін көріп қалған. Ол көлікті суретке түсіріп, Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановқа жіберіпті. Бұл тек қана бір ғана дерек емес. Алматыда тағы бірнеше көліктің артқы әйнегінде осындай белгілер пайда болған.

    facebook
    facebook

    Біз тексеруді бастап кеттік. Белгіні жапсыру ҚР заңнамаларына қайшы келеді ме және не үшін, қандай мақсатпен жапсырып алғанын анықтайтын боламыз, — деді Рустам Әбдірахманов.

    Көліктегі белгілер желі қолданушыларының ашуын туғызды. Олар «Украина соғысындағы көліктер Алматыда не істеп жүр?», «Жаман ырым!», «Соғысты армандап жүр ме?» деп жазды.

    қатысты посттар

    «Нұрлы жер»: Аралда су айдау насостық станциясы салынуда

    Фариза

    Қызылордада жыл соңына дейін 5 әлеуметтік дүкен ашылады

    Фариза

    Серік Абас-шах: Бекболат Тілеухан маған «Меккеге барғанда саған қарсы дұға оқыдым, сені аяғыма жықсын деп сұрадым» деді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    9 + three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.