-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Әйелдерге ғана берілетін ипотеканың шарттары өзгерді

    Бағдарлама аясында баспананы жөндеу жұмыстарына да 3,7 миллион теңгеге дейінгі қарыз алу мүмкіндігі қарастырылған
    «Ұмай» ипотекалық бағдарламасы бойынша ортақ отбасылық табыс шегі 320 000 теңгеден 640 000 теңгеге дейін көтерілді, деп хабарлады Отбасы банк.
    Қарыз алушының ай сайынғы отбасылық табысы 550 000 теңгеден аспаса, 15% бастапқы жарнамен кредит ала алады.
    Ал отбасының ортақ кірісі айына 550 001 теңгеден 630 000 теңгеге дейінгі аралықта болса, тұрғын үй 20 проценттік алғашқы жарнамен беріледі.
    Бағдарлама бойынша 30 миллион теңгеге дейін займ алуға болады. Проценттік мөлшерлеме 13,5% (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі 14,5%-тен бастап) кейін 5%-ке дейін (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі — 5,2%-тен бастап) төмендетіледі.
    «Ұмай» бағдарламасы бойынша қарыз алу мерзімі — 6 айдан 25 жылға дейін. Тұрғын үй таңдауына шектеу жоқ. Оны алғашқы және екінші нарықтан, соның ішінде үлестік қатысу шарттары бойынша сатып алуға болады.
    Сондай-ақ осы бағдарлама баспананы жөндеу жұмыстарына да 3,7 миллион теңгеге дейінгі қарыз алу мүмкіндігі қарастырылған.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында ветеринариялық эпизоотиялық жағдай тұрақты

    Фариза

    10 жасар бала суға батып кетті. «Жасөспірімдердің суға кету жағдайы алаңдатып отыр»

    Әкім ауыл тұрғынын жақтастарымен бірге жабылып ұрды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.