-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Әскердегі сарбаздарға ақшалай сыйақы, кредиттік каникул берілу мүмкін

    Қорғаныс министрлігі жас жігіттерді әскери қызмет өткеруге ынталандыруға бағытталған ұсыныстар әзірледі. Олардың қатарында бір реттік  ақшалай сыйақы, кредиттік каникул беру қарастырылған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында маңызды проблеманы атап өтті. Ол – көптеген жас азаматымыздың әскери борышын өтеуден қашуы. Біздің маңызды міндетіміз – жастарды әскери қызмет өткеруге, ерекше миссия болып саналатын әскери борышын орындауға ынталандыру. Олар мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде кредиттік каникул беруге, әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген кезде бір жолғы ақшалай сыйақы төлеуге, сондай-ақ білім беру секторында және отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтерді төлеу кезінде жеңілдіктер беруге қатысты. Ұсыныстар мүдделі мемлекеттік органдармен келісу сатысында», — деді Қарулы Күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Сауытбайұлы.

    Департамент бастығы әскерде ақша талап ету, туындаған мәселелерді шешуді ұзаққа созу жағдайлары және сыбайлас жемқорлық көріністері бойынша жедел шаралар қабылдау үшін және туындаған мәселе бойынша кеңес алу үшін «Қарулы Күштер – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесіне жүгіну немесе сенім телефондарына хабарласу қажеттігін атап өтті.

    қатысты посттар

    Ақтаудағы 15 миллион теңгенің «Гүл алаңы» балаларға арналған төбешікке айналды

    Фариза

    «Тоқаев, саяси реформа туралы уәдең қайда?» Алматыда «Демпартияның» рұқсат етілген митингісі өтіп жатыр (фоторепортаж)

    Фариза

    «Байқоңырда қорқынышты жағдайлар орын алып жатыр»

    Пікір қалдыру

    sixteen + eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.