-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Түркістанда оқу ісінің меңгерушісі аяғы ауыр ұстазбен төбелесіп, түсік тастатты

    Түркістанда мұғалімдер директордың орынбасарынан «өлердей қорқамыз» деп шағымданды.

    Ұстаздар жиналыс кезінде «завуч» аяғы ауыр мұғаліммен төбелесіп, түсік тастатқанын КТК телеарнасына хабарлады.

    Шардара ауданындағы Көксу ауылында жалғыз мектеп бар. Мұғалімдер «завучтың» үстінен бірнеше рет шағым түсірсе де, оған ешкім тұсау бола алмаған.

    Мұғалімдердің бірі директордың орынбасары Райгүл Мұсалиева қыркүйек кезінде төбелес шығарып, салдарынан түсік тастағанын айтты.

    «Мына жерде отырғанмын итеріп жіберді, тапталып қалдым, шашымнан жұлып, басымнан ұрды. Ол екі ортада былапыт сөздер айтты. «Аузың  әжетхана, сұрқия, бетбақсың сен мектепті 3-ке бітіргенсің, жезөкшесің» деген әңгіме айтты» деді мұғалім Сандуғаш Жақыпова.

    Жаға жыртысқан екі әйелді ер адамдар әрең ажыратқан. Артынша оқу ісінің меңгерушісі мұғалімді «үйіңмен қоса өртеймін» деп қорқытқан.

    «Сағат бөлуге осы кісі араласып, барлығын өзі шешкісі келеді, араласпайтын ісі жоқ. Отбасымызға да араласады. Дәл осы жағдайда біздің құрбымыз болғандықтан, көршіміз болғандықтан, «ол кісімен араласпайсыңдар, аралассаңдар, бүкіл жамандықты көретін боласың, деді» дейді мұғалім Бибігүл Исаева.

    Ал директордың оң қолы «бәрі жала жауып отыр» дейді. Оның айтуынша, басында ол барынша сабырлы болған, бірақ ұрғанын жасырмады. Алайда ол түсік тастатпадым, сараптама қорытындысы бар деп сендірді.

    «Мен бұл мектептегі орынсыз сыбайлас жемқорлық әрекеттерін айтқаным үшін жақпадым, әңгіменің ашығы сол.  Бұл жерде, мысалға, менен негізсіз ұстайтын бір күндік, екі күндік деген қаржылар бар. Мектептің жөндеу жұмысы, содан кейін вакансия жоқ, адам қабылдайды мектепке. Мен соны айттым» дейді Т. Айбергенов атындағы мектеп-гимназия директорының орынбасары Райгүл Мұсағалиева.

    Енді 100 шақты мұғалім облыстық білім басқармасына директор орынбасарының үстінен шағым түсіруге ниетті.

    Ал білім бөлімінде орынбасардың үстінен «қорлау» дерегі бойынша іс сотта қаралып жатқанын айтып, басқа ешқандай түсініктеме бермеді.

    Мұғалімдерге күш көрсеткен мектеп басшысы бұған дейін 60 мың теңге айыппұл төлеп, құтылған.

    қатысты посттар

    Данэлия Тулешова: Димаштың ісіне қайран қалдым…

    «Өмірімнің быт-шыты шыққан кезі»: Белгілі әнші басынан өткерген қиыншылықтарымен бөлісті

    «Ұсталғандардың бәрі шықты…» — Ринат Заитовтың босап шыққанын көрген жұрт тарады (видео)

    Пікір қалдыру

    nineteen − sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.