4.8 C
Алматы
Воскресенье, 8 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Жеңілдетілген авто несие бойынша қанша алуға болады?

    ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген авто несиенің талаптары туралы айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Orda.kz порталына сілтеме жасап.

    Қарабаевтың айтуынша, көліктің құны 10 млн теңгеден көп болса, сатып алушы өз қаражатын қосады.

    «Жеңілдікпен көлік алуға берілетін кредит лимиті – 10 млн теңге. Егер көлік құны 10 млн теңгеден жоғары болса, қалған қаржыны сатып алушы өз қалтасынан төлейді. Жеңілдетілген кредит көліктің маркасына қарамастан, барлық көлікке беріледі. Ал кредиттің 10 млн теңгеге дейін берілетін себебі, мәселен, 25 млн-ға көлік алуға қаржылық мүмкіндігі бар адам жеңілдетілген кредитсіз-ақ көлік сатып ала алады емес пе?» деді вице-министр.

    Еске салсақ, кеше премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр алғашқы жарнасыз, 7 жылға 4 пайызбен жеңілдтілген авто несие алуға болатыны туралы айтқан. Осы мақсатта «Жасыл Даму» компаниясы 10 млрд теңге бөлуге ниетті.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында тағы бір күн электростанцияcы салынады

    Фариза

    Қызылорда облысында волонтерлар «Халық алғысы» медалімен марапатталды

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшелерімен кездесіп, мәселелерін тыңдады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.