Четверг, 1 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    Ресейде қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады

    ҚР үкіметі мен РФ үкіметі арасында Ресейде ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын және Қазақстанда РФ жоғары білім беретін білім беру ұйымдарының филиалдарын құру туралы Келісімге қол қою туралы Қаулы қабылданды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Бұл туралы мағлұмат ҚР премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсында жарияланды.

    Үкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, келісім ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату және білім беру сапасын қамтамасыз ету, техникалық бағыттағы кадрларды даярлау мақсатында құрылған. Онда екі елдің заңнамасына сәйкес тең негіздегі филиалдар құрылатыны көзделген.

    Оқыту білім беру бағдарламалары шеңберінде филиалдар орналасқан елдің тілі мен тарихын міндетті түрде меңгеру арқылы, екі елдің мемлекеттік тілдерінде жүргізілуі мүмкін.

    Филиалдарда мемлекеттік бақылау және аккредиттеу Қазақстан және Ресей заңнамасына сәйкес іске асырылады.

    қатысты посттар

    «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды

    Фариза

    Шымкентте ҰБТ өтетін жоғарғы оқу орындарының дайындығы пысықталуда

    Фариза

    Асхат Аймағамбетов: Ұстаздарды өзіне тиесілі емес жұмысқа тартқандарды қызметінен босатуға дейін барамыз

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 − 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.