Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Елордада полицейлер көпбалалы ананың үш айлық сәбиін тартып алған

    Елордада полицейлер көпбалалы ананың үш айлық баласын тартып алған.

    Алматы телеарнасының хабарлауынша, 23 жастағы келіншек жақында ажырасып, құжаттары болмағандықтан, қайыр сұрауға мәжбүр болған.

    23 жастағы Яна Кардянның төрт баласы бар. Оның құжаттары болмағандықтан, ол қайыр сұрауға шыққан. Кенже баласына қарайтын адам болмағандықтан, оны өзімен алып шыққан.

    Осыдан үш ай бұрын Янаны мешіт алдында қайыр сұрап отырған жерінен полицейлер бөлімшеге алып кеткен.

    «Қызметкерлер мені жеңіл жүрістісің деп айыптады. Алайда мен ішімдік ішпеймін. Мені көпшілік адам біледі. Мен өз балаларымды ренжіткен емеспін. Балаларым жылы жерде, қарындары тоқ, киімдері таза. Мен мемлекеттен және әкімдіктен құжаттарымды жасауға көмек берулерін сұраймын» деді Яна.

    23 жастағы келіншектің сөзін оның достары мен таныстары да растап отыр.

    «Мен оны көптен бері танимын. Ол ешқашан ішімдік ішпейді, шылым шекпейді. Жақында болған жағдайды естіп қатты таңғалдым. Анасынан қалайша сәбиін ажыратып алып кетуге болады?» деді көршісі Надежда Ляхова.

    Полиция қызметкерлері анасы мен баласында құжаттар болмағандықтан, сәбиді балалар үйіне өткізгендерін айтты.

    Яна ата-анасыз өскендіктен, қазір оған көмек қолын созатын ешкім жоқ. Оның бар үміті – мемлекет қана.

    «Мен бұлай өмір сүруден шаршадым. Құжаттарым болмағандықтан еш жерге жұмысқа тұра алмай жүрмін. Балаларымды да балабақшаға, тіпті ауруханаға қабылдамайды. Олар сырқаттанса үйден емдеуге мәжбүрмін» деді 23 жастағы ана.

    Яна балалар үйіне барып, сәбиімен көрісіп тұра алады. Енді ол баласын қайтарып алу үшін генетикалық сараптама жүргізуі керек. Ол 1-3 ай уақыт алады.

    қатысты посттар

    «Неше бала дүниеге әкелдіңіз, нешеуі тірі». Бюро басшысы бұл сұрақтың санаққа неге қосылғанын түсіндірді

    Фариза

    Бір топ әйел боксшы Ермахан Ибраимовтан көп балалы аналар жайлы айтқанын түсіндіруді талап етті

    Фариза

    Сауд Арабиясы коронавирус көп тіркелген елдер тізіміне Қазақстанды да қосып жіберген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.