-6.1 C
Алматы
Среда, 18 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Спорт

    «Медаль сұрайды, бірақ жағдай жасамайды» Мәдениет және спорт министрлігі Абзал Әжіғалиевтің жазбасына қатысты пікір білдірді

    Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Абзал Әжіғалиевтің спортшыларды қандай жағдайда жаттығуға мәжбүрлегені туралы айтқан жазбасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Айта кетейік, Бейжің олимпиадасының қатысушысы, шорт-трекші Абзал Әжіғалиев өзінің Facebook-тегі парақшасына cпортшылардың олимпиадаға дейін қандай кедергілерге тап болғаны туралы жазды.

    Спортшы әуелі жанкүйерлерге алғысын айтты. Одан соң бірнеше мысалы келтіріп, қазір спортшылар үшін өзекті болып тұрған мәселелерге жеке-жеке тоқталды. Оның бірінші айтқан проблемасы – дайындыққа арналған мұз айдыны.

    Алау – қазір шорт-трекшілердің жаттығуына сай келетін Қазақстандағы жалғыз мұз айдыны. Бірақ бізге онда тұрақты дайындалуға мүмкіндік берілмейді. Сондықтан амал жоқ Еуропаға немесе Ресейде жаттығуға шығамыз. Онда барлығы идеал болғанымен Алау ұлттық құрамаға арналмаған. Бізге мұзайдын кемінде күніне таңертең және кешке екі сағаттан керек. Бірақ мұз сарайы жекеменшік болғандықтан барлығы ақшаға келіп тіреледі. Ал ұлттық құрамаларда ондай ақша жоқ. Бізде онда арнайы орын қарастырылмаған, тіпті жаттығу кезінде заттарымызды тастап кететін арнайы киім ауыстыратын жер де табылмайды. Пекин Олимпиадасының алдында біз Алауда дайындалдық. Бірақ бізге мұзайдын тек Олимпиада алдында емес, үнемі керек. Нақты біздің спортымыз үшін басты проблема – осы. Барлығы медаль сұрайды. Ал бізде тіпті қысқы спорт түрлеріне арналған база да жоқ. Ал жанкүйерлер мұндай спорттың барынан тіпті хабарсыз, — Абзал Әжіғалиев

    Спортшының айтуынша, әр өңірде салынған мұз сарайларының ешқайсы, тіпті Алматыдағығы шорт-трекшілердің жаттығуына жарамайды. Абзал Әжіғалиев өзінің жазбасында басқа да мәселелерді атап көрсетті.

    Шорт-трекшінің жазбасы бірнеше сағат бұрын жарияланды. Соған қатысты Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев сауалға жауап берді. Оның айтуынша, спортшының кей сөзі шындыққа жанасады.

    Мұзайдынға айналған ірі нысандар бүгінде жеке қолға өтіп кеткен. Ұлттық құраманың мұзайдында дайындалуына қатысты мәселелер бар. Бірақ соған қарамастан Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті федерациялармен бірлесіп, бұл мәселені шешуге тырысты. Олимпиада қарсаңында спортшылар Алауда дайындалды, — Серік Жарасбаев

    Вице-министрдің сөзінше, барлық спортшының Олимпиадаға дайындалуына жағдай жасалған. Енді департамент неліктен мұндай нәтиже болғанымен айналысады. Еске салайық, Қазақстан құрамасы 2022 жылғы Олимпиада ойындарынан жүлдесіз келген еді.

    Сонымен қатар Серік Жарасбаев спортшыларды келесі ойындарға Олимпиадаға алты ай қалғанда емес, ертерек дайындау керек екенін айтты.

    Спортшылар Олимпиадаға алты ай бұрын дайындалады деп айтуға болмайды. Олардың басқа елдерге баруы да дайындықтың бір кезеңі. Олимпиада ойындары аяқталғаннан кейін бірден келесі ойындарға дайындық кезеңі басталады. Біз «Милан 2026» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. 25 ақпанда министр спорттық резервті дайындау, отандық базаларды пайдалану және Қаржы ресурстарын бөлу, спорттық құрал-жабдықтар бойынша нақты қадамдармен таныстырады, — Серік Жарасбаев

    Ол Бейжің Олимпиадасына дайындықты Ұлттық Олимпиада комитеті басқаратынын айтты. Бірақ қазір департамент қазақстандық спортшыларды дайындауға қатысты көзқарасты қайта қарап жатыр.

    Кемшіліктер бар. Бізде бәрі жақсы, тамаша деп айту мүмкін емес. Негізінде біз қазір өз командаларымызды оқыту тәсілін қарастырып жатырмыз. Биыл 1 сәуірlен бастап Ұлттық Олимпиада комитетіне бөлінген мемлекеттік тапсырма ведомстволық бағынысты ұйым Мәдениет және спорт министрлігіне қайтарылып, олимпиадалық циклдарға дайындықты бастаймыз,- Вице-министр

    Бұған дейін Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев 2022 жылы Бейжіңде өтетін Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша үлкен жиын өткізетінін айтқан еді. Оның айтуынша, осы жиында нақты қорытындылар, оның ішінде белгілі бір кадрлық шешімдер қабылданады.

    Қазақстан құрамасының Бейжіңдегі ең үлкен көрсеткіші – 4-орын. Команда сапындағы ең үзік көрсеткіш шорт-трекші Абзал Әжіғалиевке тиесілі. Ол 500 метрге жүгіруден А финалына шығып, төртінші орынға табан тіреген еді.

    қатысты посттар

    «Баспасөз мәслихатына қатыса алмайды» Головкин мен Деревянченко ауруханаға жеткізілді

    Фариза

    «Сәтті жекпе-жек болмады» — WBO ұйымы Қанат Ислам мен Каутондокваның жекпе-жегі бойынша мәлімдеме жасады

    «Бапкер деген атқа лайықты емес» ауыратлет Альберт Линдердің інісі оның өліміне ұлттық құраманың аға бапкерін кінәлап отыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.