Воскресенье, 18 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Денсаулық сақтау вице-министрі журналистерге жауап бере алмады — Смайылов

    Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болуды тапсырды, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Ажар Ғиниятқызы, өткен аптада денсаулық сақтау вице-министрі қатысқан брифинг өтті. Денсаулық сақтау вице-министрі журналистер сауалына жауап бере алмағаны өкінішті. Осыған назар аударуыңызды өтінемін», — деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

    Смайылов өз сөзінде «мұндай жағдайлар Үкімет жұмысына кері әсер ететінін» айтты.

    «Үкімет мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болуды тапсырамын. Біз қоғамға ашық болуымыз керек. Әрбір шешімді дұрыс жеткізу, оны қоғаммен талқылап, қабылдау — Үкіметтің басты міндеті», — деді премьер-министр.

    қатысты посттар

    Сотталғандарға Дипломдар тапсырылды

    Фариза

    Қызылорда облысында 2805 адам мемлекеттік грантқа ие болды

    Фариза

    Биылғы мемлекеттік грант иегерлерінің толық тізімі жарияланды

    Пікір қалдыру

    three × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.