-0.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Ресей мен Украина соғысқан жағдай Қазақстан әскерін жібере ме? СІМ басшысы жауап берді

    Бүгін Үкімет отырысан кейін журналистермен сұхбаттасқан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Донбасс халық республикасы мен Луганск халық республикасын Қазақстан мойындай ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy порталына сілтеме жасап.

    Мұхтар Тілеуберді бұл мәселеге қатысты өте жақын арада Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі отырыс өткізетінін хабарлады.

    «Қазір жағдай шиеленісіп барады. Ал, Қазақстанның ресми ұстанымы қазір талқыланып жатыр. Бізде ол мемлекеттерді мойындау туралы сұрақ тұрған жоқ. Біз халықаралық құқық негізін және БҰҰ ұстанымдарын ұстанамыз», — деді ол.

    Ал, Қазақстан Ресей мен Украина шекарасына әскер жібере ме деген сұраққа Сыртқы істер министрі қысқа жауап берді.

    «Біріншіден, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бар. Ол Қазақстан мүше мемлекет. Бірақ, бұл ұйымның ол жаққа әскер жіберуге құқығы жоқ. Ал, өткен аптада Ресей мен Қазақстанның арасында әскери ынтымақтастық туралы ратифициаланған шарт бұндай мәселені көздемейді. Бұл шарт тек әскери техникалық ынтымақтастықтя көздейді. Мәселен, әскери техниканы сатып алу, бірге жаттығу жасауды көздейді», — дейді Мұхтар Тілеуберді.

    Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде Ресей Президенті Владимир Путин Донбасс және Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін мойындап, олардың аумағына өз әскерін енгізді. Украина мен Ресей арасындағы бұл шиеленіс халықаралық күн тәртібіндегі ең маңызды оқиғаға айналып отыр.

    қатысты посттар

    Қызылордада шағын кәсіпкерлік нысандарының саны артты

    Фариза

    Қызылорда облысында карантин шектеулері жеңілдетілді

    Фариза

    Qazweek.kz ақпарат агенттігінің ҚР заңдары туралы деректер базасы

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fourteen − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.