Пятница, 13 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Күнбағыс майының қымбаттау себебі белгілі болды

    Отандық тауар өндірушілер халықтың сұранысын қамтамасыз ете алмай отыр
     
    2020 жылдың қазанынан бастап Қазақстанда күнбағыс майы бағасының өскені байқалды. Бұл өнім кемінде 1,7 есеге қымбаттады.
     
    Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі отандық тауар өндірушілер халықтың сұранысын толық қамтамасыз ете алмай отыр деген пікірде. Импорттық өнімнің үлесі 30 процентті құрайды.
     
    Агенттік мәліметі бойынша, бағаның өсуіне шикізатты сатып алу құнының артуы әсер етті. Сонымен қатар әлемдік баға, егіннің аз түсімі, суды сатып алу құнының өсуі, импортқа тәуелділік те ықпал етті.
     

    «Осы нарықтағы бәсекелестікті дамытуға әкімшілік кедергілер тосқауыл болып отыр»¸- деп мәлімдеді ведомство.

    Талдау деректері негізінде бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ұлттық экономика министрлігіне 2022-2024 жылдарға арналған инфляцияны бақылау және төмендетуге бағытталған шаралар кешені бойынша ұсыныстар жолдады.

    Дереккөз: Sputnik.kz

    қатысты посттар

    “Министрдің қолы кез келген жерге қойыла бере ме?» Грант иегері атанған студенттер оқуға түсе алмай қалды

    Фариза

    Болат Назарбаев пен оның экс-жұбайы Майраның үстінен қылмыстық іс қозғалды

    Фариза

    Қазақстанға жұмысқа орналасуға жыл басынан бері 6350 ресейлік келген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five + 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.