-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Екібастұздағы маугли-балалар оқиғасына байланысты 20-ға жуық адам жазаланды

    Екі шенеунік қызметінен айырылды, жиырмаға жуық лауазымды тұлға сөгіс пен ескерту алды
    Екібастұзда маугли-балалар оқиғасына қатысты қызметтік тексеру аяқталды. Төрт бала бірнеше күн бойы нәр татпай, ұзақ уақыт жүрмей қалған. Дәрігерлер оларды шұғыл түрде ауруханаға жатқызды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz порталына сілтеме жасап.
    Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл оқиға қоғамду шу тудырғаннан кейін бірнеше шенеунік пен жауапты тұлғаға тәртіптік жаза қолданылды.
    Тексеріс нәтижесі бойынша Екібастұз полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлім басшысының орынбасары Кожелдақов қызметінен босатылса, білім бөлімінің басшысы Майдысаров өзі өтініш берген.
    Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Мәліковаға, Ақсу қаласы ауруханасының дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибе дәрігері бөлімінің меңгерушісі Нұралдиноваға және Екібастұз қаласы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полицейі Кишевке қатаң сөгіс жарияланды.
    Екібастұз қаласының білім бөлімінің бас маманы Байғұрманова, Ақсу қаласы ауруханасының директоры Мұқашев, «Дисконт» өндірістік кооперативінің учаскелік дәрігері Әлханова, «Жеңілдік» өндірістік кооперативінің учаскелік медбикелері Сманқұлова мен Жұмалиденова сөгіс алды.
    Екібастұздағы №2 емхананың учаскелік дәрігері Аждарова мен учаскелік медбике Ботагөзоваға ескерту берілді.
    Екібастұз полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің басшысы Құдайбергеновке қызметтік міндеттерін мүлтіксіз сақтау туралы ескертілді және Екібастұз қаласы полиция басшысының міндетін атқарушы Шекерғалиевке қарауындағы қызметкерлердің жұмысындағы олқылықтар туралы нұсқау берілді.
    Жұмыс тобы тексеру қорытындысы бойынша білім, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау басқармалары және полиция департаментіне бірқатар ұсыныстар жолдады.
    «Облыстық жұмыс тобының құрамына бейіндік басқарма өкілдері мен басқа да сарапшылар кірді», — деп жазылған облыстық әкімдіктің баспасөз релизінде.

    қатысты посттар

    Балаларды дәретханаға байлап азаптаған тәрбиешілер жазадан құтылып кетті (видео)

    Фариза

    Павлодарда әскери қызметкер қайтыс болды

    Фариза

    Қазақстанда 1 сәуірден бастап тегін медициналық көмек тоқтатылмақ

    Пікір қалдыру

    three × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.