13 C
Алматы
Воскресенье, 14 сентября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Әлия Назарбаева «Томирис» фильмінің сценариі үшін 300 миллион теңге алған

    «Томирис» фильмінің сценариін жазғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлияға 150 миллион теңге төленген, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпаратагенттігі Orda.kz порталына сілтеме жасап.

    «Қазақфильм» АҚ-мен жасалған келісімге сәйкес, ол автор ретінде теледидарда таратудан түскен пайданың 60 пайызын, Қазақстан Республикасының кинотеатрларындағы прокаттың 70 пайызын және Отаннан тыс кинотеатрларда прокаттың 40 пайызын алуға құқылы болды.

    Мемлекет фильмге 3 миллиардтан астам теңге жұмсады, прокаттан түскен табыстың жартысынан астамын сценарий авторы өзіне алды. Осы құжаттар бойынша жалпы сома шамамен 150 миллион теңге болды. Ал мәдениет және спорт саласының бұрынғы министрі Райымқұлованың мәлімдеуінше, фильм 500 миллионнан астам жинаған. Бұл Назарбаеваның үлесі 300 миллионнан кем емес деген сөз» делінген журналист Михаил Козачковтың Facebook-тегі хабарламасында.

    Фильмнің бас продюсері Әлия Назарбаева болды.

    Еске салайық, мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Sataifilm» киностудиясының қатысуымен «Қазақфильм» киностудиясы түсірген фильм б.з.д. VI ғасырдағы оқиғаларға арналған ұлы дала ханшайымы – аты аңызға айналған Томиристің өмірін баяндайды.

    қатысты посттар

    Үкіметте алдағы уақытта кімнің жалақысы көтерілетіні айтылды

    Фариза

    Сексеуіл кентінде 300 орындық мектеп салынады

    Фариза

    Жұтпен күреске бөлінген бюджеттің 700 миллион теңгесі әлі игерілмеген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.