Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматы полициясы «басы кесілген қызметкерлерге» қатысты пікір білдірді

    Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан полицейлер туралы айтты, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы полициясы бастығы орынбасарынан қаза болғандардың арасында басы кесілген полицейлер бар ма деген сұрақ қойылған болатын. Рустам Әбдірахманов алматылық полицейлер арасында ондай жағдай болмады деп қысқаша жауап берді.

    Кейінірек полиция бастығының орынбасары жағдайға және осы пікірден кейін туындаған, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің басын кесіп алу жағдайы мүлде болмаған деген пікірлерге қатысты жауап берді. Бұл туралы БАҚ-та жарияланған болатын.

    «Ұлттық ұланға, әскерлерге, Алматы облысының Полиция департаментіне және басқа да облыстық бөлімшелерге ешқандай қатысым жоқ. Сондықтан бәріне қатысты пікір білдіре алмаймын, кеше маған басы кесілген алматылық полицейлерге қатысты сұрақ қойылды. Мен Алматы қалалық ІІД бойынша қаза болған полиция қызметкерлері арасында басы кесілгендер жоқ деп жауап бердім. Оқ жарақатынан қаза тапқан қызметкерлер бар. Алматы Полиция департаментінің үш қызметкері қаза тапты. Сонымен қатар, қауіпсіздік күштерінің басқа да қаза тапқан қызметкерлері болды, бірақ менде олар туралы ақпарат жоқ. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деді полиция бастығының орынбасары.

    қатысты посттар

    Зейнеткер өз ұлын балғамен ұрып өлтірді

    Фариза

    Алматыда тағы бір жеткіншек биік үйден секіріп өлді

    Фариза

    Қосанов Тоқаевты «шынайы» жеңісімен құттықтады (видео)

    Пікір қалдыру

    five × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.