12 C
Алматы
Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Олар да жұмыс істеуі керек қой»: Антикор басшысы басшылық қызметтегі туыстар жайлы

    Мемлекеттік қызметке жақын туыстар немесе квазимемлекеттік сектордың құрамында басшылық қызметте болу заң бойынша тыйым салынбаған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Парламент Мәжілісінің отырысында депутат Елдос Абақанов осы жөнінде Антикор басшысы Марат Ахметжановқа осы жөнінде сауал қойды.

    «Бұл мәселені қарайық. Бірақ бәрін қырып алуға болмайды. Ол үшін басшылық қызметтегі туысқандардың қарым-қатынасын анықтау керек. «Қазаны бөлектің қайғысы бөлек» деген бар. Олар да жұмыс істеуі керек қой. Сондықтан оны жан-жақты қарайық», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Марат Ахметжанов.

    Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов депутат сұрағын қайта нақтылап өтті.

    «Бұл жерде қазаны бір адамдар жайында айтып тұр ғой. Екі ағайынды адам бір мемлекеттік органда екі құрылымдық органды басқарып отырса, дұрыс емес қой. Ол заңда көрсетілмеген. Бұл туралы ұсыныс беру керек», − дейді Қошанов.

    қатысты посттар

    Қызылорда қаласында 98 жоба жүзеге асырылуда

    Фариза

    Қызылорда облысы цифрлық телевизияға көшуде

    Фариза

    Қызылорда облысының әкімі өңірдегі дәрі-дәрмек қорына қатысты сала басшыларын қабылдады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 + one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.