-3.1 C
Алматы
Среда, 18 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    ШҚО-да қарамағындағы жемқордың кесірінен қызметінен кеткен аудан әкімі жаңа қызметке келді

    Былтыр қарашада қарамағындағы қызметкеріне пара алды деген айып тағылып, қызметінен кеткен Шығыс Қазақстан облысы Глубоковский ауданының экс-әкімі Тамара Рахымжанова жаңа қызметке тағайындалғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Еске салайық, 2021 жылдың 19 қарашасында аудан әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс бойынша Шығыс Қазақстан облысының апелляциялық сотының үкімі шыққан еді. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін Рахымжанова қызметінен кеткен болатын.

    Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жазды.

    «Орынбасарларымның бірі сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 60-бабына сәйкес, аудан әкімі қызметке тағайындалған күннен бастап үш ай өткен соң оның тікелей қарамағындағылар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаса, ол отставкаға кетеді», — деп жазады Тамара Рахымжанова.

    Тамара Рахымжанова аудан әкімі лауазымында бірнеше ай ғана отырды, бұған дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болған.

    Бүгін, 16 ақпанда Тамара Рахымжанова «Ертіс» ӘКК басшысы болғаны ресми түрде расталды.

    Қаңтардың аяғында Глубоковский ауданының әкімі болып бұған дейін «Ертіс» ӘКК-ні басқарған 34 жастағы Эльдар Тұмашинов тағайындалған.

    қатысты посттар

    Сенатқа кімдер сайланды? ОСК сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялады

    Фариза

    Қыздардан құралған арнайы жасақ митингіге шыққан адамдарды «нәзіктікпен» ұстап алып кете ме?

    Байдың балаларына грант беруге тыйым салу ұсынылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 + seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.