-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «С праздником – 31 мая!» Халықты құғын-сүргін күнімен құттықтаған Әсем Нүсіпова Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

    Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімі бойынша, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Әсем Бекқызы Нүсіпова тағайындалды.

    Естеріңізде болса, Әсем Нүсіпова Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған тұста басы дауға қалған болатын. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу кешіне қатысқан Нүсіпова халықты құттықтап ашу-ызаларына тиген.

    Семейде өткен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жиыныда Әлихан Бөкейхановтың ескерткіші алдына гүл шоқтарын қойған Даниал Ахметовтің орынбасары қағазға шұқшиып, орыс тілінде баяндама жасап, сөзінің соңын «С праздником – 31 мая!» деп аяқтаған болатын. Сонда халық аза тұтып, батырларымызды еске алатын күн әкімнің орынбасары үшін мереке болғаны ма?

    Халықтың ашу-ызасын тудырған осы бір ауыз сөз Нүсіповаға деген жұрттың көзқарасын бірден өзгертіп жіберген болатын. Сондай-ақ халық оның қазақ тілінде бір ауыз сөйлей алмайтындығын да атап өткен. Ал бүгінде аты шулы Әсем Нүсіпова Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Досаевты орнынан кетіре алмай жүрген Алматы халқына бұл тағы бір соққы болған секеліді.

    Қаңтар оқиғасынан ең қатты зардап шеккен қала — Алматы екені барлығымызға белгілі. Президентіміз Алматы халқына қайта күлкі сыйлау керек екендігін атап өткен болатын. Дегенмен, басы дауға қалған, көпшіліктің бірден қарсылығын туғызған шенеуніктермен халықтың бұрынғы көңіл-күйін қайта қалпына келтіру мүмкін бе?

    Әсем Нүсіпованың еңбек жолы:

    Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматыда дүниеге келген. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 1998 жылы осы университеттің магистратурасын бітірген.

    2001-2003 жылдары Қауіпсіздік кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, Президент Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі болған.

    2003-2007 жылдары Қаржы министрінің кеңесшісі, премьер-министрдің кеңесшісі, премьер-министр кеңсесінің Жиынтық талдау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.

    2007-2008 жылдары — денсаулық сақтау вице-министрі.

    2008-2016 жылдары — «Қазтрансойл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.

    2016-2019 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

    2020 ж. — ««Астана» Халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ бас консультанты.

    2020 жылғы шілдеден бастап қазірге дейін — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы.

    Соңғы атқарған қызметі – Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі.

    қатысты посттар

    «Билік халықтың өмірін қиындататын, ақымақ жолды таңдап алды» — Мұхтар Тайжан салық табысына байланысты өзгеріске пікір білдірді

    Фариза

    «Президенттің ашуын келтірді «: Көшербаев Әбдірахымовтың қызметінен не үшін алынғанын айтты

    Құжаттарды орыс тілінде жазған ыңғайлы — Дәурен Абаев

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one + 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.