8 C
Алматы
Среда, 25 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Олар да жұмыс істеуі керек қой»: Антикор басшысы басшылық қызметтегі туыстар жайлы

    Мемлекеттік қызметке жақын туыстар немесе квазимемлекеттік сектордың құрамында басшылық қызметте болу заң бойынша тыйым салынбаған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Парламент Мәжілісінің отырысында депутат Елдос Абақанов осы жөнінде Антикор басшысы Марат Ахметжановқа осы жөнінде сауал қойды.

    «Бұл мәселені қарайық. Бірақ бәрін қырып алуға болмайды. Ол үшін басшылық қызметтегі туысқандардың қарым-қатынасын анықтау керек. «Қазаны бөлектің қайғысы бөлек» деген бар. Олар да жұмыс істеуі керек қой. Сондықтан оны жан-жақты қарайық», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Марат Ахметжанов.

    Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов депутат сұрағын қайта нақтылап өтті.

    «Бұл жерде қазаны бір адамдар жайында айтып тұр ғой. Екі ағайынды адам бір мемлекеттік органда екі құрылымдық органды басқарып отырса, дұрыс емес қой. Ол заңда көрсетілмеген. Бұл туралы ұсыныс беру керек», − дейді Қошанов.

    қатысты посттар

    Қызылордада «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 93 жоба қаржыландырылды

    Фариза

    Мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылып, 10 жыл темір торға тоғытылуы мүмкін

    «Ешқандай кибершабуыл болмағанын хабарлаймыз» Kaspi.kz- те орын алған жағдайға байланысты баспасөз хатшысы не деді?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.