33.8 C
Алматы
Суббота, 17 мая 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жемқорлық

    Атырау облысында мектеп пен сауықтыру кешенін салу кезінде қаржы жымқырылған

    Шенеуніктер Атырау облысында мектеп пен сауықтыру кешенін салу кезінде қаржы жымқырды деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомство «Атырау облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғалары мен «Техника-Рем строй» ЖШС басшысына қатысты соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

    Атырау облысында мектеп, екі отбасылық дәрігерлік амбулатория және дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына бөлінген аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр.

    «ЖШС басшысына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген хабарламада.

    Тергеу жалғасып жатқаны айтылды. Басқа мәліметтер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

    қатысты посттар

    «20 млрд теңге жымқырған»: «Оператор РОП»-тың бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

    Фариза

    Кентау қаласының әкімі пара алды деген күдікпен қамауға алынды

    Фариза

    «Пәтер алып беремін»: түркістандықтарды 15 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 + five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.