16 C
Алматы
Понедельник, 27 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    Назарбаев мектептерінде тегін оқуға құжат 26 ақпанға дейін қабылданады

    Кешенді тестілеу 14-15 сәуір күндері Зияткерлік мектептер базасында өтеді.

    «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2022-2023 оқу жылында Назарбаев зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялады. Құжаттар 26 ақпанға дейін қабылданады.

    Кешенді тестілеу 14-15 сәуір күндері Зияткерлік мектептер базасында өтеді. Тестілеудің бірінші күні оқушылар жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер (математика, сандық сипаттама, жаратылыстану) бойынша тест тапсырады. Ал екінші күні тілдік тестілеуден (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) өтеді.

    Санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылдау комиссиясына құжат тапсыру үшін арнайы онлайн брондау қызметі жұмыс істейді. Құжаттар тізімі, брондау қызметі, конкурстық тапсырмалар үлгілері және тағы басқа ақпаратты веб-сайттағы «Үміткерлерге» бөлімінен алуға болады.

    Дереккөз: Informburo.kz

    қатысты посттар

    Вакцина салдырмаған студенттерге жатақхана берілмейді – жаңа қаулы

    Фариза

    Жоғары оқу орындары оқу бағасын көтеруді жоспарлап отыр — Асхат Аймағамбетов

    Фариза

    Жаңа оқу жылында жамбылдық оқушылар оқулықтармен 100 пайыз қамтылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.