Әлеуметтік желіде түсініктеме табуға қиын видео жүр. Онда тапа-тал түсте зираттар ортасындағы жерден жан ұшырар айқай естіледі, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап
Автор ұялы телефонының арғы жағындағы адамға тылсым дауысты естіртуге тырысып, тіпті бейнеге түсіріп алуға тырысып жүр.
Мына жерден естіле ме, естілмейді ме? Қарашы! Астафиралла! Тынышталып қалды.
области.
Болжам бойынша видео Жамбыл облысында түсірілген.
Әлеуметтік желідегі адамдар болса, түрлі пікірлер қалдырып, ойларымен бөлісуде.
Кейбір қолданушылар комада болған адамды жерлеп, ол есін жиған болар деп болжаса, басқалары бұл мүмкін емес жайт деп санайды.
Алайда басқалары бұл мүмкін емес деп санайды. Себебі адамды жерлегеннен кейін үстіне топырақ салып, жер қабаты көтеріледі. Оған қоса, дауыс естіліп жатқан бейіттің қоршауы барын алға тартып, бұл бірнеше уақыттан бері тұрған бейіт дейді. Сондықтан көбі бұл кісіні күнәһар, қазір көрде, сұраққа алынып азап шегуде деп топшылайды.