-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Блогер Мейіржан Төребаев қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді

    Вайнер Мейіржан Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов қаржы пирамидасын құрған және басқарған деген күдікке ілінді. Бір күн бұрын Тергеу соты екеуін де кепілдікпен босатқан, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Әлеуметтік желіде блогер Мейіржан Төребаев, актер Мейірхан Шерниязов және Азизжан Саидбаев деген азамат қаржы пирамидасын құрған деген күдікке ілінгені туралы хабарлама тарады.

    Алматы қалалық соты бұл ақпаратты растап отыр. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған тұлғалар шынымен де ҚР Қылмыстық кодексінің «Қаржы пирамидасын құру және басқару» туралы 217-бабымен күдікке ілінді. Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бір күн бұрын кепілмен босатылған.

    Тергеу сотының қаулысымен азаматтар Т. және Ш.-ға 1000 АЕК (3 млн. теңгеден астам) мөлшерінде кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы сотқа дейінгі тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды.Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі

    Азизжан Саидбаевқа қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат түсті. Өтініш қанағаттандырылды.

    Азаматша С.-ға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды (күдікті болмаған жағдайда).Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі

    2021 жылдың көктемінде қазақстандықтар Astex басшылығы мен оның серіктестеріне қарсы арызбен полицияға жүгінген. Жәбірленушілердің айтуынша, компания тендерлердегі ақшаны «айналдырып», орнына ай сайын үстемақы төлейміз деген. Бірақ соңында адамдар алданып қалды. Ал «Astex» компаниясының басшысын ұстады.

    Басқа Mudarabah Capital деген компания Astex-тің агенті болды. Mudarabah қызметкерлері де ұсталды.

    Тергеу мәліметтері бойынша, бұл компаниялардың басшылары 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың қаңтарына дейін заңды және жеке тұлғалармен мемлекеттік сатып алуларға қатысу қажет деген желеумен қаржы тартуға келісім жасаған. Құжатқа сай компания ай сайын әрбір салымшыға жарна сомасының 20%-ын төлеуі керек еді. Astex-ке 162 салымшының 2 миллиард теңгеден астам ақшасы Mudarabah компаниясы арқылы да түсіп отырған.

    Бұл компанияларды Қазақстанда танымал медиа персоналар, соның ішінде Вайнер Төребаев пен актер Шерниязов жарнамалаған.

    қатысты посттар

    Димаштың алғашқы альбомы тыңдармандарын тәнті етті (видео)

    Ержан Максим: Бірінші орын алмағаным жақсы болды…

    «Мен көшедегі жезөкше емеспін» — төсін жалаңаштаған экс депутат өз қылығын түсіндірді

    Пікір қалдыру

    11 − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.