-0.1 C
Алматы
Вторник, 25 февраля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Алтын орда» базары біреулер үшін «майшелпекке» айналды» Токаев тәртіп орнату үшін екі ай уақыт берді

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы іргесіндегі «Алтын Орда» базарының жұмысына тоқталды.

    Оның айтуынша, бұл жер пайдакүнемдер үшін майшелпекке айналған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Бір түйіткілді мәселені атап өтейін. Сауда-саттықтағы тиімсіз делдалдыққа тоқтау салатын кез келді. Мысалы, 3 миллион тұрғыны бар Алматы мен оның төңірегіндегі адамдар көп тауарды «Алтын Орда» базарынан сатып алады, — деді Президент.

    Мемлекет басшысы Алматы қаласы мен облыстың әкімдеріне Үкіметпен бірлесіп, базарда тәртіп орнатуға тапсырма берді.

    Бұл жер пайдакүнемдер үшін май шелпекке айналған. Бұған Алматыдағы Қаңтар оқиғасы кезінде анық көз жеткіздік. Бұл басқа өңірлерге де қатысты. Қажет болса, бұл жұмысқа құқық қорғау органдары да атсалыссын. Екі ай уақыт беремін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    қатысты посттар

     Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаев ісі: миллиардтаған қаржы қайтарылды

    Қызылордада 488 шақырым жол жөнделеді

    Фариза

    Қызылордадағы ірі сауда орталықтарына әлеуметтік сөрелер орналастырылған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten + 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.