-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Үкімет басшысы жаңа Қазақстан қалай болатынын айтты

    Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

    Жұмысқа кіріскеніне 1 ай болған Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Президент алдында былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму барысын қорытындылап, 2022 жылғы арналған жоспарды таныстырды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Сонымен ел Үкіметі келесі маңызды шараларды қабылдап, орындайтын болды:

    • Шикі және тауарлық газдың бағасы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін 2021 жылғы желтоқсандағы мөлшер бойынша бекітіледі.
    • Су ресурстарына ұқыпты пайдаланып, суға объективті ақы белгілеу үшін 2023 жылдан бастап суды тұтыну көлемі бойынша жаңа тариф енгізіледі.
    • Тиімділікті және жалпы әлеуметтік-экономикалық қайтарымды арттыру үшін мемлекет «Самұрық-Қазына» мен «Бәйтерек» Ұлттық компаниялары түбегейлі реформаланады.
    • «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын, оның ішінде олардың шағын және орта бизнесті қолдау бойынша жұмыс тиімділігін анықтау үшін талдау жүргізіледі.
    • Халықтың эконом кластағы отандық автомобильдерді сатып алуы үшін жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасына 100 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді.
    • Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында оларға арналған әлеуметтік кепілдіктер ұлғайтылып, жалақылары 20-30 пайызға көтеріледі.
    • Автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасынана салынатын утилизациялық алым ставкалары айтарлықтай азаяды.

    қатысты посттар

    «Көпбалалы отбасылар үшін жағымды жаңалық» Министр мәлімдеме жасады

    Фариза

    Путинмен кездескен экс-президент мәлімдеме жасады

    Халықтың жағдайы туралы сөз қозғаған Тоқтар Серіков жылап жіберді (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.