21 C
Алматы
Жұма, 10 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Шымкентте көпбалалы ана ақшаның жетіспеуіне байланысты бір жарым жасар ұлын сатқан

    Шымкент тұрғыны бір жарым жасар ұлын сатқаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Оtyrar арнасына сілтеме жасап.

    Деректерге сүйенсек, шамамен 89-90 жылы туған көпбалалы ана өзінің бір жарым жасар ұлын сатуды ұйғарған. Бұл туралы ол өзінің құрбыларына айтқан. Баланы сату туралы ақпарат қалалық полиция қызметкерлерінің құлағына жеткен. Дәл осы тәртіп сақшылары баласыз ерлі-зайыпты ретінде, сатушы әйелге хабарласқан. Әйел өз “өнімін” көрсету үшін сатып алушыларды үйге шақырған.

    “Айыпталушының өзі оларға кездесу ұйымдастырып, үйіне алып келді. Көпбалалы ана бір жарым миллион сұраған, ақырында 1 миллион ақшаға келіскен. Олар өзара саудаласып отырғанда полиция оған ақшасын берген. Анасы баланы берген бойда ұсталады. Полицейлер болған жайттың бәрін жасырын камераға түсіріп алған”, – деді Шымкент қалалық ювеналды сотының төрағасы Дәурен Сайханов.

    Сөйтсек, әйел күйеумен ажырасып кеткен және жалғыз өзі төрт баланы асырап отырған. Ол босанған кезде ұлын перзентханада қалдырғысы келген, бірақ оны сол жақтағылар баланы қалдырмауға көндірген. Бір жарым жылдан кейін әйел ақшаның жетіспеуіне байланысты кіші баласын сатуды ұйғарған.

    қатысты посттар

    Шымкент: Халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуге 16,1 млрд теңге қаралған

    Фариза

    Қазақтың қара домбрасын жерге ұрып сындырған жігіт көпшіліктің ашуын туғызды (видео)

    Фариза

    СҚО-да денесі қоқыстың арасынан табылған нәрестеге қатысты жаңа дерек шықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 − fourteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.