14 C
Алматы
Жұма, 17 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Алматыда әкімдерді сайлау талап етілетін митинг өтеді

    Алматы әкімдігі елде әкімдерді сайлауды енгізуді талап еткен белсенділерге митинг өткізуге рұқсат берді. Бұл туралы белсенді Марат Тұрымбетов Facebook-парақшасында мәлімдеді, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Жиын 5 ақпанда сағат 12.00-ден сағат 14.00-ге дейін Шоқан Уәлиханов ескерткіші маңында өтеді. Белсенділер талабы бойынша, Алматы қаласының әкімін халық таңдауы керек.

    Бұл жиынды өткізуге қала әкімдігі рұқсат берді, деді Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбеков.

    Белсенді Марат Тұрымбетов бұдан бір күн бұрын Алматы әкімдігі “Qantar 2022” аза тұту митингісін өткізуге рұқсат бермегенін де айтты. Олар митингіні 13 ақпанды өткізгісі келген. Митинг өткізуге рұқсат бермеудің ресми себебі – қаладағы эпидемиологиялық жағдай.

    қатысты посттар

    Сырдария ауданындағы Қышқала қалашығында қазба жұмыстары жалғасуда

    Фариза

    Біртановты санавиация ұшағымен жеткізу мәжбүрлі шара болды – адвокат

    Фариза

    Hayat-Vax вакцинасын алғандар екі жылға дейін жүктілікті жоспарламауы тиіс

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.