-8.1 C
Алматы
Пятница, 15 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Жағдай күрделі»: Алматы облысында мемлекеттік қызмектерлер деструктивті діни ағымдардың уағызын тыңдаған

    Алматы облысында мемлекеттік қызметкерлер деструктивті діни топтардың уағызын тыңдап келген. Экстремистік ағымдардың насихатына ілескендердің арасында студенттердің де саны көп, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Зерттеушілердің сөзінше, елде діни ахуал күрделі. Облыста деструктивті діни ағым жақтаушылардың саны 33,5% өсіп кеткен. Тіпті, жат ағымның насихатын тұрақты тыңдағандардың арасында полиция қызметкерлері де бар. Діни насихатты жасырын жүргізетіндер көбіне әлеуметтік желілерді пайдаланады.

    «Талдау барысында 16 мемқызметкердің, құқық қорғау органдарының 5 қызметкерінің, 10 діни қызметкердің, 100-ге жуық студенттің деструктивті контент қолданатыны анықталып, мамандар тарапынан тиісті түсіндіру шаралары жүзеге асырылды. Жалпы, Алматы облысында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» бағытында жұмыстар жүргізіліп келеді. Нәтиже жаман емес, дегенмен теріс ағымның жетегінде кеткендермен күресті бір сәтке тоқтатуға болмайды», — деді «Дін саласындағы мәселелерді зертеу орталық» КММ-ың директордың орынбасары Сағыныш Жанабай.

    Аймақтың діни ахуалына жедел мониторинг жүргізу мақсатында «Аналитикалық Интернет карта» бағдарламасы іске қосылған. Деструктивті діни топтарға тіркелушілер «Вконтакте» желісі арқылы уағыз тыңдайды. Аталмыш топтардың қатарын қоғамда өз орнын таба алмаған азаматтар мен діни сауаты қалыптаспаған жастар толықтырып келеді. Облыста деструктивті діни ағымдардың таралу ошақтары Қарасай, Еңбекшіқазақ, Панфилов, Іле және Жамбыл мен Талғар аудандарында орналасқан.

    «Ислам мәдениеті мен өркениетінің темірқазығының айналасына көлеңке түсіретіндер соңғы жылдары қаптады. Ол діннің атын жамылған – экстремистік ағымдар. Сәйкесінше, елдегі діни ахуал күрделеніп тұрған жайы бар. Өткен жылы Жетісу жерінде 1 миллионнан астам адамды қамтыған 2 896 шара өткен. Басты мақсат – өңірде халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру мен тұрғындарды діни экстремизм мен терроризм идеяларынан алшақтату. Бағдарламаның көмегімен діни ағымдардың таралуына, интернетте деструктивті топтардың тіркелушілеріне мониторинг жүргізілуде. Дегенмен, атқарылған жұмыстарға қарамастан, өткен жылмен салыстырғанда өңірдегі ДДА жақтастарының саны 33,5%-ға өсіп отыр. Өңірдегі діни ахуалдың күрделенуіне Алматы қаласының облыс шегінде орналасуы және халықтың тығыз қоныстануы әсер етуде», — деді зерттеу орталығының өкілі.

    қатысты посттар

    «Өмірімнің быт-шыты шыққан кезі»: Белгілі әнші басынан өткерген қиыншылықтарымен бөлісті

    Алматыда екпеден соң акушердің аяқ-қолы тырысып, хәлі нашарлаған

    Фариза

    Алматыда “шар сатқаны үшін” әйел адамды полиция қызметкерлері ұстап алып кетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.